Шықшыт (бет) сүйегі аймағының абсцестері мен флегмоналары. Бұл аймақтың шегі шықшыт сүйегінің шегіне сай келеді, жоғарғы жағында орбита қыры мен самай шүңқыршасының төменгі қыры, алдында — көзасты аймағы, астында—ұрт аймағы, артында — құлақ маңы шайнау бұлшықеті аймағы орналасқан.
Бұл аймаққа іріңді зат көрші клетчаткалы кеңістіктерден кіреді де, жайылмалы, өте қатты ауыратын инфильтрат және коллатеральды домбығу пайда болады.
Қабыну құлақмаңы-шайнау бұлшықеті аймағына тараса, төменгі жақ сүйегінің қабыну контрактурасы болуы мүмкін.
Емдеуі тек хирургиялық жолмен жүреді. Инфильтраттың төменгі полюсімен, бет нервісінің бұтақтарына параллель етіп, ұзындығы 2—2,5 см тері қабатын кеседі де, қан тоқтатқыш қысқашпен қабынған тіндерді ашып іріңді шығарады. Ірің шыққан қуысқа хирургиялық қолғаптан жасалған дренаж (түтікше) қойып жараны таңады.