Стоматология



бет163/262
Дата06.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#80599
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   262
Байланысты:
книга-хирургическая-стоматология

Клиникалық көрінісі. Ауру ақырын, науқастың мазасы кетіп, дене қызуы 37°-қа дейін көтеріліп басталады, ал кей жағдайда жедел басталып дене қызуы 38—40°-қа дейін көтеріліп организмнің әр түрлі дәрежедегі жалпы улануы байқалады.
Ауыз қуысының шырышты қабатында, бет терісінде, ерін аумағында қабыну ошағы пайда болады. Шырышты қабат көпіршіктеніп, қанталап, бет терісі күңгірт-көк түсті дақтанады. Біраз жағдайларда қабыну процесі шіріп өлеттенген гингивиттен басталады. Алғашқы номамен зақымданған жер жан-жағына және тереңінен жайылады. Айналасындағы тіндер домбығып, ауыратын тығыз инфильтратты үлкен қабыну ошағы пайда болып, ортасын-дағы тері тесіліп, жүмсақ тіндер шіриді (25-сурет).

25-сурет. Нома (сулы рак).
Ауыз қуысында бұл процесс қызыл иекке жайылып тістер босап қалады, сонан соң процесс ауыз қуысының түбіне, тіл, жоғарғы және төменгі жақ сүйектеріне көшеді.
Бет терісінде процесс ауыз қуыс аумағынан иекасты үшбұрыштарына түседі. Ол теріден жұмсақ тіндерге тереңдеп жоғарғы және төменгі жақ сүйектерін қамтиды. Өлеттенген тіндер шіріп, олардан жағымсыз иіс шығып, лайлы сұйықтық бөлініп түрады.
Зақымданған тіндер басқанда қатты ауырады. Бет номасы пневмо-ниямен, ал өлеттенген тіндермен аспирацияланса өкпе гангренасымен асқынуы мүмкін. Номаның прогрессивті ағымы сепсиске әкелуі мүмкін. Аурудан кейін дамитын функционалды, косметикалық тыртықталуы және ақауларының дәрежесі номамен зақымданған жердің көлеміне байланысты.
Диагнозы, ажырату диагнозы. Номаның диагнозы, айқын клиникалық көрінісіне, микробиологиялық, морфологиялық және иммунологиялық зерттеу мәліметтеріне сүйене отырып қойылады. Нома шіріп өлеттенген флегмоналар, іріңді, шіріп-өлеттенген паротит және ыдыраған қатерлі ісіктерден ажыратылады. Флегмона тіс түбірлерінің ұшында дамып, клетчаткалық кеңістіктерде орналасады, паротит без тіндерінен дамып, тіндері шектеліп өлеттенеді, ал нома мен қатерлі ісікті ажыратқанда морфологиялық зерттеу мәліметтеріне сүйенген жөн.
Емі. Организмді дезинтоксикациялап, барлық ағзалар мен жүйелердің қызметін қалыпты жағдайда ұстап, организмнің қорғаныс жұмысын күшейтуге бағыттау керек. Қан тамыры арқылы антибиотиктер, десенсибилизациялайтын, дезинтоксикациялайтын, жүрек-қан тамырларының қызметін жалпы организмді күшейтетін дәрілер жібереді. Осымен қатар, қан немесе қан орнына қолданылатын заттар қүйылады. Жергілікті зақымданған жерлер фурациллин, фермент ерітінділерімен жуып-шайылып, 0,25%-тен 0,5%-ке новокаин немесе тримекаинге ерітілген мөлшері 25—100 мл дейін антибиотик ендіріледі. Антибиотиктер, антисептик және финлепсин мен таңбалар тартылады.
Болжамы. Номаның прогрессивті ағымы науқас өміріне қауіпті, ал шектеліп өлеттенген ошақ қауіпсіз болмағанымен косметикалық, функционалдық өзгерістер ұзақ ем қажет етеді.
Алдын алу. Әлсізденген балалардың жалпы организмін күшейтуге ем жүргізіліп, ал қан айналымы бұзылған, жұқпалы ауруы бар балаларда нома көп кездесетіндіктен жоғарыда айтылған ем керек. Осымен қатар, ауыз қуысының гигиенасы, санация, шырышты қабық жарақаттарының алдын алу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   262




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет