Патологиялық анатомиясы. Тілменің патологиялық анатомиясы терінің емізікше қабатының сарысулы немесе сарысулы-қанды қабынуымен және ретикулярлық қабатының домбығуымен сипатталады. Қан және лимфа тамырлары кеңейіп, құрамында көптеген микробтар бар экссудатпен толады. Қан тамырларының айналасында, лимфоидты және ретикулогистиоциттардан тұратын клеткалы инфильтрация байқалады. Пайда болған экссудат эпидермиске қарай тарайды да, құрамында фибрині бар көптеген көпіршіктер пайда болады.
Экссудат жанасып жатқан клетчаткаға жайылып оның флегмонозды қабынуына кей кезде өлеттенуіне соқтыруы мүмкін.