Стоматология



бет168/262
Дата06.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#80599
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   262
Байланысты:
книга-хирургическая-стоматология

Ажырату диагнозы. Шиқан мен көршиқанның диагнозын анықтау әдетте қиындық тудырмайды, дегенмен кей кездерде төменде аталатын басқа дерттерден ажырату керек болады.
Беттің теріасты одонтогенді гранулемасы теріасты май шеліндегі созылмалы гранулденген периодонтиттің әсеріне байланысты әлсіз өтетін іріңді процесс. Бүл дерттің өзіне тән үш белгісі бар: ауру тіс, теріасты гранулема, тістен немесе тіс үяшығынан беттегі құрылымға созылған тығыз тартпа. Атерома — майлы бездің шығару түтігінің тығындалып қалуынан пайда болатын, терімен дәнекерленген, ауырмайтын, анық шектелген ісік тәріздес құрылым. Кейбір аурулардың атеромасы іріңдеп клиникалық көріністері шиқан мен көршиқанға ұқсайды. Атероманың шиқан мен көршиқаннан айырмашылығы қабыну басталар алдында науқастың бетінде ауырмайтын құрылым болады, осымен қатар атероманың инфекция ену көзі болмайды, оны хирургиялық жолмен тіліп ашқанда, іріңге аралас май тәріздес іртік зат бөлініп шығады.
Сібір жарасы тері немесе шырышты қабат арқылы сібір жарасының таяқшасы енгенде дамиды. Инфекция көзі, үй немесе жабайы жануарлар. Кәдімгі шиқан мен көршиқанға қарағанда, сібір жарасына келесі белгілер тән: көлемі 1 см-ден 3 см-ге дейін шектелген, қара-қоңыр, айналасында бұдырлы сары көпіршіктермен қоршалған қабығы болады (сібір жарасының інжу алқасы), айналасындағы жұмсақ тіндер ісініп, домбығады, қабыршақ астында кейде білінбейтін тығыздалған жұмсақ тін байқалады, барлық уақытта ірің және ауыру сезімі болмайды. Күдікті жағдайда қабыршақ астынан алынған тінді немесе көпіршіктің ішіндегі сарысуды бактериологиялық зерттеуге жіберу керек.
Жақ-бет аймағының актиномикозына инфекция түскенде шиқанға немесе көршиқанға ұқсайды. Көршиқанға қарағанда актиномикоздың ағымы ұзақ уақытқа созылып, қабыну инфильтраты тақтай секілді қатты болады, тері көк түсті, көптеген жыланкөз пайда болады, осыған байланысты инфильтрат „көктелген көрпеге" ұқсайды. Шиқан мен көршиқандардың қабыну, процесі беттің ортаңғы және жоғарғы аймағында орналасқанда (жоғарғы ерінде, мүрын, көзасты аумағында т. б.) өте қауіпті және бет веналарының флебитімен, тромбофлебитімен жиі асқынады. Әсіресе көз венасы арқылы, үңгірлі қуыспен анастомоз құратын бұрышты венаның тромбофлебиті өте қауіпті. Бет веналарының жедел тромбофлебиті ауыр өтеді, науқастың дене қызуы көтеріліп, қалтырап, басы ауырып, терлеп әлсірейді, Тексергенде қабынған веналардың бойында тартпа тәріздес өте ауыратын тығыз инфильтрат, ал негізгі қабыну ошағының шегінде жұмсақ тіндердің коллатеральды ісінуі, веналардың кернеуі мен соғуы және терінің қызаруы байқалады. Қабыну процесінің бастапқы кезеңінде-ақ организмнің улануы-ның, қанайналым және жүрек-қан тамыр жүйесі қызметінің бұзылуы салдарынан еріннің, қабақтың, маңдай, мұрын, құлақ терісінің көгергені байқалады. Бұрыштық венаның тромбофлебиті көз веналарын қамтып ретробульбарлы клетчатканың флегмонасының дамуына, ал әрі қарай үңгірлі синустық тромбоз және іріңді менингитке соқтырады. Бұл бет шиқаны мен көршиқанының өлімге әкелетін ең қауіпті асқынулары. Жоғарыда аталып өткен жақ-бет аймағының анатомиялық ерекшеліктерімен бірге аурулардың өздері шиқан мен көршиқанның алғашқы элементтерін сығып тастауы, қабыну процесінің бет веналарына көшуіне себеп болады. Бет шиқаны мен көршиқандарының жиі кездесетін асқынуларының бірі — сепсис.
Жалпы кездесетін асқынулардың ішіңде іріңді менингит, бүйрек абсцесі, іріңді артрит, сүйектері, жүмсақ тіндердегі метастазды абсцестермен қосарлана жүретін метастаздық пневмония мен іріңді плевритті атап өткен жөн. Жалпы асқынулармен қатар жергілікті лимфаденит, жедел іріңді отит (егерде ошақ сыртқы дыбыс жолында орналасса), тілме, абсцесс, флегмона, экзема жиі кездеседі.
Шиқан мен көршиқанды емханада емдеу керек, әсіресе бұл қабыну процесі қүлақтың сырғалығы мен бұрышын жалғайтын сызықтан жоғары орналасқан науқастарға тиісті. Науқасқа барынша тыныштық керек (бірнеше күн төсекте жату, көп сөйлеуге рұқсат бермеу, жоғары колориялы сұйық тамақ). Қабыну процесінің алғашқы кезеңінде УЖЖ терапия жақсы әсер етіп, ауыру сезімі бәсеңдеп, шиқанның жазылу мерзімі қысқарады. Инфильтрациялау кезеңінде шиқан мен көршиқанның айналасындағы тіндерге 0,25 немесе 0,5% новокаин ерітіндісіне қосып антибиотиктер жібереді. Абсцесс кезеңінде жалпы хирургиялық ереже бойынша іріңді ошақты тіліп, жараны құрғатады (дренаждайды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   262




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет