Араластрансплантаттарды еркін кешіру Аралас трансплантаттар дегеніміз тұтас күйінде бірге отырғызылатын әртүрлі тіндерден тұратын трансплантат. Оған мұрынның қанаты мен ұшын, құлақ қалқанының бір бөлігімен пластика жасау әдісі мысал бола алады. Алғашқы рет мұндай пластиканы 1 8 9 8 ж. К. П. Суслов жасады.
Беттің және жақтың ақаулары мен деформациялары өзінің себептеріне қарай әртүрлі болғанымен пішініне қарай бірдей болады. Сондықтан оларды пластиканың жалпы қағидаларына қарай: жергілікті тіндермен, аяқшасы бар қиықпен, Филатов сабақшасымен, теріні еркін көшіру, және толық қабатты аутотрансплантаттармен қалпына келтіреді.
Үлкен аумақты ақауларды толық қабатты аутотрансплантатпен пластика жасау. Үлкен аумақты ақауларды (тіндердің барлық қабаттары жоқ) жою үшін толық қабатты аутотрансплантат қолданады. Оны дайындау барысында қатты таңдайдан алынған шырышты қабатты жұмсақ тіндер арасына ендіру тәсілі қолданылады. Ақаудың көлеміне және оның айналасындағы тіндердің жағдайына байланысты қиынды алынатын аймақ таңдалады (бүғанаүсті, дельтопекторальды, торакодорзальды, жауырын). Операция жергілікті анестезия арқылы жасалады. Алдын ала таңдалған аймақта тері-ет қиындысын дайындауды жалпы қолданатын тәсіл бойынша дистальды бөлігінен бастайды. Сонда еттің шандыр қапшығының біртұтастығы бұзылмайды. Дайындалған қиынды жылы физиологиялық ерітіндіге малынған салфеткамен жабылады. Сонан соң қатты таңдайдың шырышты қабатын алуға кіріседі. Қатты тандайдың бір жағында екі параллель тілік жасалады. Бірі ортаңғы жіктің бойымен, екіншісі қызыл иектен 0,3 см төменірек. Тіліктердің ұштары доға тәрізді қосылады. Шырышты қабаттың беті сылынып алынады. Қатты таңдайдағы жара йодоформды дәкемен жабылып пластмасса пластинамен бекітіледі. Ауыз қуысының ақауы көлемді болса шырышты қабат таңдайдың қарама-қарсы бетінен алынады. Алдын ала дайындалған қиынды бетіне таңдайдан алынған шырышты қабатты „арал" тәрізді біркелкі отырғызып кетгутпен бекітеді. Олардың көлемі 1,0X0,5 см. Құрамында тері, теріасты майлы қабат, ет, қан тамырлары және шырышты қабат „аралдары" бар қиындыны өз орнына орналастырылып шеттері кетгутпен тігіледі. Жараға асептикалық таңғыш салынады. Үш аптадан кейін қиындыны көтеріп, астындағы шырышты қабаттың жағдайын анықтайды. Қиындының шеттерінен қан ағып тұрса, түсі өзгермесе, айналасындағы тіндердің қызуымен айырмашылығы болмаса оның қоректенуі жақсы деп есептеледі. Донорлық жара тігіледі. Операцияның келесі кезеңінде қан тамырлы аяқшасы ұзартылып, қиынды ақауға көшіріліп, оның шеттері қабат-қабатымен рецепиентік орынға тігіледі. Төрт аптадан кейін жергілікті анестезия арқылы қиындының аяқшасы кесіледі.