ТІС ЖҰЛУ ОПЕРАЦИЯСЫН ЖАСАУҒА БОЛАТЫН ЖӘНЕ БОЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР Тіс жұлу операциясы белгілі бір қажеттіліктерімен шектелген. Терапевтикалық стоматологияның дамып емнің жаңа түрлерін қолдануы периодонттағы патологиялық процестерді тоқтатуға жол ашты. Ертеректе санация кезінде жұлып тастайтын түбірлер мен бұзылған тістер, алып-салмалы протездерді ұстату үшін пайдаланылатын болады. Гемисекция, реплантация, түбір ұшының резекциясы тістерді сақтап қалуға жағадй жасады. Тіс жұлынған соң тек сол тістің ғана емес, оған көрші, қарсы орналасқан тістердің (конвергенция, дивергенция, орнынан өсіп шығуы) айналасында да көп өзгерістер болады. Бұл шайнау жүйесіндегі өзгеріске әкеледі. Бірнеше тістің жұлынуы сөздің, сырт пішіннің бұзылуына әкелуі мүмкін.
Сөйте тұра тісті жұлмай қалдырған кезде одан пайда болатын өзгерістерді ескеріп (организмнің сенсибилизациясы, күшінің азаюын, нерв талшықтарының тітіркенуін, кілегей қабықтың жаралануы мен инфекцияның тарауын), тісті жұлу алдында операцияға тиісті қажеттіліктерді анықтап алған жөн.