ТІС ЖҰЛУҒА БОЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР (ЖАРТЫЛАЙ) Тіс жұлуға толық қарсылық жоқ. Жартылай жұлуға болмайтын жағдайлар жалпы және жергілікті деп бөлінеді.
Жалпы жұлуға болмайтын жағдайлар: 1. Қан аурулары (гемофилия, геморрагиялық диатез, анемия, лейкемия);
2. Жүрек-қан тамырлары аурулары (миокард инфаркты, декомпенсациялы жүрек ақауы т.б.)
3. Жұқпалы аурулар;
4. Нерв жүйесінің аурулары (эпилепсия, психоз т.б.)
5. Екіқабат кезде, етеккір келгенде
Қан ауруларымен ауырған науқастыңтісін жұлған соң тіс ұясынан аққан қан көпке дейін тиылмауы мүмкін. Сондықтан науқасты стационарға жатқызып гематологтың қатысуымен емдеп, содан соң тісін жұлуға болады.
Күнделікті бақылау кезінде қанның ұюы 4-5 мин-ке жеткенде (қалыпты жағдайдың жоғарғы шегі) тісті жұлуға болады. Дәрігер гематологтың емін жарақат жазылғанша жүргізу керек.
Лейкемия ауруы кезінде ауызда жара, некроз болғандығын ескеріп, тіс жұлғанда, оның айналасындағы тіндерді қорғау керек. Етеккір келгенде әйелдердің қан ұюы нашарлайды. Сондықтан егер аса қажеттілік болмаса, тісті етеккір тоқтаған соң 2-3 күннен кейін жұлуға болады.