Стоматологияда қолданылатын анестетиктерге арналған дәрілік формуляр


Стоматологияда қолданылатын анельгетиктер



бет3/3
Дата23.02.2022
өлшемі53,14 Kb.
#132895
1   2   3
Байланысты:
Дәрілік формуляр

Стоматологияда қолданылатын анельгетиктер

Халықаралық патенттелмеген атауы(МНН)

Кетопрофен

ДЗ-дың саудалық атауы

Кетанол

Фармакотерапевтикалық тобы

Жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Кетопрофен.



Дәрілік түрі

50 мг капсулалар

Көрсеткіші

ревматоидты артрит
серонегативті спондилоартриттер (шорбуынданатын спондилоартрит, реактивті артрит), псориаздық артрит
- подагра, жалған подагра
- остеоартроз
- буыннан тыс ревматизм (тендинит, бурсит, иық буыны капсулиті)

Ауыру синдромында:


- жарақаттан кейінгі


- операциядан кейінгі



Қарсы көрсеткіші

кетопрофенге, аспиринге немесе басқа да ҚҚСП жекелей жоғары сезімталдық (сыртартқыда ацетилсалицил қышқылын қабылдаумен байланысты демікпе, бронх түйілуі, есекжем немесе ринит көрсетілуі)
жүректің ауыр жеткіліксіздігі
- өршу сатысындағы асқазан-ішек жолы аурулары (гастрит, асқазан және он екі елі ішек ойық жара ауруы, сыртартқыда асқазан-ішектен қан кетудің көрсетілуі, ойық жаралардың түзілуі немесе тесілуі)
- қан кетулер (асқазан-ішектен, церебро-васкулярлық немесе басқа да белсенді қан кетулер)
- қан кетуге бейімділік
- бауыр немесе бүйрек функциясының айқын бұзылулары
- қан жүйесі тарапынан болатын бұзылулар (лейкопения, тромбоцитопения, гемокоагуляция бұзылулары)

Жағымсыз әсері

диспепсиялық құбылыстар, тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы, құсу, метеоризм, абдоминальді ауырулар, іш қатуы

Дозировкалау режимі,балаларға

Кетонал капсула түріндегі препаратын шайнамай, жеткілікті мөлшердегі су немесе сүтпен (100 мл-ден кем болмау керек) тамақпен бірге немесе тамақтан соң бірден қабылдайды.

Ересектерге және 18 жастан асқан балаларға: 50 мг 1 капсуладан әрбір 6 сағат сайын.





Қауіпті өзара әрекеттесуі

Кетопрофенді басқа ҚҚСП және салицилаттармен үйлестіріп қабылдауға болмайды.

Кортикостероидтармен, депрессияны емдеуге арналған препараттармен үйлестіріп қолданғанда ойық жара пайда болу және асқазан-ішек қан кету қатері жоғарылайды.


Антиоагулянттар (гепарин және варфарин) және тромбоциттер агрегациясын тежегіштер (яғни тиклопидин, клопидогрель) қан кету туындау қатерін жоғарылатады. Егер бірге қабылдау қажет болса, пациентті мұқият бақылау керек.





Ұсыным деңгейінің дәлелді дәрежесі көрсетілген тиімділігі туралы ақпарат




Азаматттары ГОМБП-мен қамтамасыз ететін дәрі дәрмектер тізімінде және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде болуы




Рецепт

Rp: "Ketonal" 0,05
D.t.d: №10 in caps.
S: по 1 капсуле 3 раза в сутки



Халықаралық патенттелмеген атауы(МНН)

Натрий метамизолы

ДЗ-дың саудалық атауы

Анальгин

Фармакотерапевтикалық
тобы

Анальгетиктер.

Дәрілік түрі

500 мг таблеткалар

Көрсеткіші

шығу тегі әртүрлі, қарқындылығы орташа және айқын, басқаша емдеуге төзімді ауыру синдромында

- жедел жұқпалы-қабыну аурулары кезіндегі басқаша емдеуге төзімді қызба синдромында.



Қарсы көрсеткіші

Жағымсыз әсері



анальгинге, пиразолонның өзге туындыларына (фенилбутазон, трибузон) немесе препараттың басқа қосымша заттарына жоғары сезімталдық

- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы


- бауыр және/немесе бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі


- қан түзілуінің бәсеңдеуі (агранулоцитоз, цитотоуытты немесе жұқпалы нейтропения), анемия, лейкопения


- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, асқазан-ішектен қан кету


- сыртартқыдағы ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа дәрілерді қолданумен байланысты бронх демікпесінің ұстамалары, есекжем, жедел ринитж


жүректің айнуы, құсу, анорексия, эпигастрий аумағындағы ауыру, метеоризм, іш қату, диарея


- бас ауыру, бас айналу, қозу, ашушаңдық


- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, ангионевротикалық ісіну), мультиформалы экссудаттық эритема (Стивенс-Джонсон синдромы), уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы), бронхтың түйілу синдромы, анафилактикалық шок



Дозировкалау режимі,баларға

Препарат тамақтанудан кейін ішке қабылданады. Таблеткаларды судың жеткілікті мөлшерімен ішкен жөн.

Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға күніне 2-3 рет 250-500 мг-ден (½-1 таблетка) тағайындалады.


Ересектерге арналған ең жоғары дозалары: бір реттік – 1 г (2 таблетка), тәуліктік – 3 г-ден көп емес (6 таблетка).


Қабылдау ұзақтығы ауыруды басатын дәрі ретінде тағайындағанда 5 күннен көп емес және қызу түсіруші дәрі ретінде 3 күннен көп емес.



Қауіпті өзара әрекеттесуі

Басқа анальгетик-антипиретиктермен және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен бір мезгілде қолданған кезде уытты әсерлерінің өзара күшеюі мүмкін.

Анальгиннің әсері барбитураттармен, кодеинмен, гистамин рецепторларының Н2-блокаторларымен, анаприлинмен бірге қолданғанда күшейеді (препараттың әсерсізденуінің баяулауына қарай).


Тиамазолмен және цитостатикалық дәрілермен бірге қолданғанда лейкопенияның пайда болу қаупі жоғарылайды.


Анальгин қантты төмендету үшін ішілетін дәрілерді қан плазмасы ақуыздарымен байланыстан ығыстырып шығарып, сол арқылы олардың әсерін арттырады.


Әсері тікелей емес антикоагулянттардың, глюкокортикостероидтардың және индометациннің белсенділігін, олардың қан плазмасы ақуыздарымен байланысынан ығыстырылуы салдарынан, күшейтеді. Анальгин этил спиртінің тыныштандыру әсерін күшейтеді.


Анальгин қан плазмасындағы А циклоспорин концентрациясын төмендетеді



Ұсыным деңгейінің дәлелді дәрежесі көрсетілген тиімділігі туралы ақпарат




Азаматттары ГОМБП-мен қамтамасыз ететін дәрі дәрмектер тізімінде және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде болуы




Рецепт

Rp. Tab. Analgini 0,5
D.t.d.N 10
S. по 1 таблетке при головной боли

Халықаралық патенттелмеген атауы(МНН)

Парацетамол

ДЗ-дың саудалық атауы

Парацетамол

Фармакотерапевтикалық
Тобы

Басқа анальгетиктер-антипиретиктер. Анилидтер. Парацетамол.



Дәрілік түрі

Таблеткалар 0.5 г



Көрсеткіші

- невралгия, миалгия, артралгия, бас сақинасы, тіс ауыруы кезіндегі (айқындылығы әлсіз және қалыпты) ауыру синдромында

- инфекциялық-қабыну аурулары кезіндегі қызба синдромында





Қарсы көрсеткіші

препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

6 жасқа дейінгі балаларға


Сақтықпен - бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі, қатерсіз гипербилирубинемия (оның ішінде Жильбер синдромы, вирустық гепатит, бауырдың алкогольдік зақымдануы), алкоголизм, жүктілік, лактация кезеңі, егде жас, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы



Жағымсыз әсері

аллергиялық реакциялар (бөртпе түріндегі тері бөртуі, тері қышуы, есекжем, Квинке ісінуі)

жүрек айнуы, құсу, эпигастрийдегі ауыруы


үлкен дозада ұзақ уақыт бойы қабылдаған кезде – гепатоуытты әсер, гемолитикалық анемия, апластикалық анемия, метгемоглобинемия, панцитопения


агранулоцитоз, лейкопения, тромбоцитопения


анафилактикалық шок (сирек)


бүйрек функциясының бұзылуы, олигурия, анурия, протеинурия, интерстециальді гломерулонефрит


мұрын жұтқыншақтың шырышты қабығындағы және


конъюнктивадағы уртикарлық бөртпе


Стивенс-Джонсон синдромы


уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы)


бронхоспастикалық синдром


асептикалық пиурия

Дозировкалау режимі,баларға

Астан кейін 1-2 сағаттан соң, көп мөлшердегі сұйықтықпен ішке қабылдау керек (тамақтан соң бірден қабылдау әсер етуінің баяулауына әкеледі). Ересектер мен 12 жастан асқан (дене салмағы 40 кг-нан асатын) жасөспірімдер: бір реттік доза – 0,5-1,0 г (1-2 таблетка) қабылдау аралығы 4 сағаттан кем емес тәулігіне 2-3 рет. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 4,0 г (8 таблетка).

6-11 жастағы балаларға: қабылдау аралығы 4 сағаттан кем емес қажет кезде тәулігіне 3-4 рет 0,25-0,5 г-ден (½ - 1 таблеткадан). Парацетамолдың бір реттік дозасы дене салмағының әр кг-не 10-15 мг құрайды, ең жоғары тәуліктік доза – 60 мг/кг.


Ең жоғарғы емдеу ұзақтығы ыстық түсіретін дәрі ретінде 3 күннен асырмай және ауыруды басатын дәрі ретінде 5 күннен асырмай қолдану.





Қауіпті өзара әрекеттесуі

Урикозуриялық дәрілік заттардың тиімділігін төмендетеді. Парацетамолды жоғары дозаларда қатар қолдану антикоагулянттардың әсерін арттырады (бауырдағы прокоагулянтты факторлардың синтезінің төмендеуі). Бауырдағы микросомальді тотығу тежегіштері (фенитоин, этанол, барбитураттар, рифампицин, фенилбутазон, үш циклді антидепрессанттар), этанол және гепатоуытты дәрілік заттар гидроксилденген белсенді метаболиттердің өнімін арттырады, бұл тіпті шамалы артық дозалану кезінде де ауыр интоксикацияның даму мүмкіндігіне себепші болады. Барбитураттарды ұзақ пайдалану парацетамолдың тиімділігін төмендетеді. Микросомальді тотығу тежегіштері (соның ішінде циметидин) гепатоуытты әсер ету қаупін төмендетеді. Парацетамол мен басқа стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды бірге ұзақ пайдалану "анальгетиктік" нефропатияның және бүйректің папиллярлық некрозының, бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық кезеңінің басталу қаупін арттырады. Парацетамолды жоғары дозаларда салицилаттармен бір уақытта ұзақ тағайындау бүйрек немесе қуық обырының даму қаупін арттырады. Гепатоуыттылықтың даму қаупі - дифлунисал парацетамолдың плазмалық концентрациясын 50%-ға жоғарылатады. Миелоуытты дәрілік заттар гематоуытты препараттың байқалуын күшейтеді.



Ұсыным деңгейінің дәлелді дәрежесі көрсетілген тиімділігі туралы ақпарат




Азаматттары ГОМБП-мен қамтамасыз ететін дәрі дәрмектер тізімінде және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде болуы




Рецепт

Rp. Tab. Paracetamoli 0.25
D.t.d.N. 10
S. по 1 таблетке при повышении температуры тела выше 38, 5*С




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет