Стоматологиялық кабинеттер және тiс техникасы лабораторияларының үй-жайларына күнiне үш реттен кем емес



Дата16.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#153288
Байланысты:
1-6 экз орто


1

.
3 Стоматологиялық кабинеттер және тiс техникасы
лабораторияларының үй-жайларына күнiне үш реттен кем емес
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
органдары мен мекемелерi рұқсат еткен зарарсыздандыру
заттарын қолдана отырып, ылғалды тазалау жұмыстарын
жүргiзедi.
• Күнделiктi тазалау жұмыстарынан кейiн үй-жайдың ішi 30 минут
бойы кварцтеледi, соңынан 15 минут аралығында желдетiледi.
Кварцтеуге кеткен уақыт арнайы журналда тiркеледi.
• Толық тазарту жұмыстары жеті күннің ішінде аптасына 1 рет
жүргiзiледi.• стоматологиялық ұйымдардың персоналдарының жұқпаны
бақылау бойынша базалық дайындығы болуы керек және осы
салада өзiнiң бiлiктiлiгiн үнемi арттырып отыруы қажет; 




4.Стерилизация асептиканың негізгі тәсілінің бірі.
Стерилизация дегеніміз медициналық құрал жабдықтардағы
микроорганизмдерді және оның спораларын, токсиндерін
түбегейлі жою. Залалсыздандыруға медицинада дәрілер мен
диагностикалық препараттар, тігіс және таңғыш материалдар,
жаймалар, пациенттің күтіміне арналған заттар жіберіледі.
Залалсыздандырудың технологиялық барысы мынандай кезеңдерден тұрады:
Медициналық құрал жабдықтарды зарарсыздандыру.
Залалсыздандыруға дейінгі тазалау.
Стерилизаторға материалды дайындау және жайғастыру.
Залалсыздандырудың өзін жүргізу.
Залалсыздандыру сапасын бақылау.
Залалсыздандырылған материалдарды сақтау.
Құрал-саймандарды стерилизация алдында тазалау
Залалсыздандыру алдындағы тазалау кезеңдері
І кезең. Медициналық саймандарды қолданып болғаннан соң 1%
лизоформин (дез ерітінділердің басқа да түрлері) ерітіндісіне 22˚С 1 сағатқа
салып қоямыз.
ІІ кезең. 1 сағаттан соң медициналық құрал -саймандарды ағып тұрған
судың астында 30 секундтан жуамыз.
ІІІ кезең. Медициналық құрал -саймандарды жуғыш ерітіндіге 15 минут
салып қоямыз.
IV кезең. Жуғыш ерітіндінің ішінде құрал -саймандарды мақталы
тампонмен инелерді мандренмен тазалаймыз.
V кезең. Медициналық құрал -жабдықтарды жуғыш ерітінділерден алып,
ағып тұрған судың астында жуып шаямыз. Жасалынып болғаннан кейін
медициналық құрал- жабдықтардың тазалық сапасын тексереміз.





5.Самай төменгі жақ буыны адам денесіндегі кездесетін
құрылысы жағынан ең қиын буын болып келеді.
Төменгі жақ буын өсіндісі мен самай сүйегінің буын
шұңқыры самай төменгі жақ буынын құрайды.
Төменгі жақ сүйегінің буын басы;
Самай сүйегінің шұңқыры;
Буын төмпешігі;
Буын дискісі;
Буын капсуласы;
Буын байламдары;
Төменгі жақ сүйегінің буын басы- эллипс
пішінді құрылым.Оның негізі кеуекті
сүйектен, сырты компактілі сүйектің жіңішке
қабатымен жабылған.Буын өсіндісінің
алдыңғы бетінде қанатша шұңқыры бар.Ол
жерге сыртқы қанатша тәрізді бұлшықет
төменгі шоғыры бекиді.Бұдан басқа буын
байламдары бекиді.Самай сүйегінің шұңқыры-алдынан буын
төмпешігінен,артынан самай сүйегінің
барабанды бөлігімен сыртынан самай
сүйегінің бет өсіндісінің негізімен,ішкі
жағынан бұрыштық осьпен шектелген.Буын
шұңқыры жіңішке сүйек пластинкасынан
түзілген,ол буынды бассүйек қуысынан бөліп
тұрады.Күмбездің артқы бөлігі барабанды
бөлігімен шектеседі.Онда ортаңғы және ішкі
құлақтың элементтері орналасады.
Буын төмпешігі- самай сүйегі бет
өсіндісінің төменгі бөлігінде
орналасқан.Эллипс тәрізді шығыңқы
бөліктен түзілген.Оның алдыңғы беті
самай асты шұңқырға қараған.Артқы буын
беті болып есептеледі.Ол арқылы төменгі
жақтың басы қозғалады.
Буын дискісі-шеміршекті жасушалары бар тығыз
фиброзды дәнекер тіннен құралады.Диск екі
еселене иілген,сопақ пішінді,линза тәрізді болып
келеді.Дисктің төменгі бөлігі буын басының пішінін
қайталайды.Оның ортасы жұқа,шеттері қалың.Оның
шеттері буын қапшығымен бірігіп кеткендіктен,оны
төменгі және жоғарғы қабаттарға бөледі.Дискінің
атқаратын қызметі орасан зор.Ең алдымен ол
буынның сүйек беттерін бір-бірінен
ажыратып,олардың бірігіп кетуіне кедергі
жасайды.Төменгі жақтың оңай қозғалысына
мүмкіндік туады.Төменгі жақтың көтеріліп
түсуі,дискімен буын шұңқыры тұтас құрылым
құрайды,себебі диск қозғалыссыз қалады.
Буын капсуласы- берік,эластикалық дәнекер тінді
қабат,ол буын шұңқырындағы буын басының
қозғалысын бағыттап отырады.Буын капсуласы
алдынан буын төмпешігінің алдыңғы және бүйір
қырына бекиді,артынан-тасты барабанды(глазер),
жүлгенің алдыңғы қыры-төменгі жақ шұңқырын ішкі
және сыртқы капсулярлы бөліктерге бөледі де буын
шұңқырының өлшемдерін кішірейтеді.Төменгі жақта
капсула буын өсіндісінің мойнына
бекиді.Капсуланың қалыңдығы 0,4-1,7 мм.Буын
капсуласы екі қабаттан тұрады:
1. Фиброзды дәнекер тін мен коллаген
талшықтары(сыртқысы);
2. Синовиальді қабық (ішкісі)
Буын байламдары:
Самай-төменгі жақ
байламы(lig.temporomandibulare);
Сыналы -төменгі жақ
байламы(lig,sphenomandibulare);
Қанатша –төменгі жақ
байламы(lig.pterigomandibulare)
6
.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет