«Стратегия «Казахстан 2050»: укрепление здоровья нации средствами физической культуры и спорта»



Pdf көрінісі
бет7/95
Дата13.12.2021
өлшемі8,46 Mb.
#125670
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   95
Байланысты:
3-2014
АнтикорТест, varr10rady (1), varr19rady
Айгүл НИЕТОВА,

ғылыми хатшы

«Бірлігіміз жарасқан, Мәңгілік ел Қазақстан!»



МАССОВЫЙ СПОРТ КАК ЗАЛОГ 

ЗДОРОВЬЯ НАЦИИ

(Жалғасы. Басы 1-бетте)

Батысқазақстандықтар  республикалық 

шара  аясында  дайындалған  арнайы  тілек 

кітабын  Маңғыстау  облысынан  қабылдап 

а лып,  а л дым ен  Жә ң г ір  хан  атын д а ғ ы 

Батыс  Қазақстан  аграрлық-техникалық 

университетінен  бастау  алған  «Мәңгілік  ел» 

шарасында  облыс  әкімі  Нұрлан  Ноғаевтың 

атап  өткеніндей,  аталмыш  шара  Шығыс 

Қазақстан облысынан, асқақ Алтайдан бастау 

алып,  Ақ  Жайық  өңірінде  жалғасын  тауып 

отыр.  «Мәңгілік  ел  -  бабаларымыздың  сан 

ғасырлар  аңсаған  арманы.  Бабаларымыз 

әлемнің  мемлекеттерімен  терезесі  тең 

жағдайда  араласатындай  күн  туа  ма  деп 

армандап кеткен болатын. Сол арман ақиқатқа 

айналды.  Бұған  Елбасымыздың  сарабдал 

саясатын халықтың қолдауы, халықтың бірлігі 

негіз  болды.  Әлемде  өзінің  мемлекеті  жоқ 

қаншама  халық  бар  және  тәуелсіздік  алып, 

соны  қолдан  ұшырып  алған  халықтар  да, 

мемлекеттер  де  жоқ  емес.  Мұның  барлығы 

елдің, халықтың ауызбіршілігі болмағандықтан, 

егеменді  еліміздің  дамуында  Қазақстан 

халқын біріктіретін, елдің болашағының негізін 

қалайтын  басты  құндылықтарды  жасадық. 

Бұл  –  еліміздің  тәуелсіздігі,  Астанасы.  Бұл 

–  Қазақстан  халқының  бірлігі,  бейбітшілік 

пен  келісім.  Бұл  –  зайырлы  қоғам,  жоғары 

руханият.  Бұл  –  индустрияландыру  мен 

инновацияға бағытталған елдің экономикалық 

өсуі.  Бұл  –  жалпыға  ортақ  Еңбек  қоғамы 

және  ұлттық  қауіпсіздік.  Осы  ұғымдар  – 

жаңа  қазақстандық  патриотизмнің  негізі.  Ел 

дамуына жастарымыз елеулі үлес қосып келеді. 

Елбасымыз айтқандай, Қазақстан-2050 сіздер 

үшін.  Әр  қазақстандық  еліміздің  болашағы 

үшін өзінің оқу орнында, еңбек орнында елім 

үшін, жасасын Қазақстан деген идеяны ұстанса 

құба-құп.  Бұл  жерде  енжарлық  танытуға 

болмайды.  Әлемдік  қауымдастықта  алған 

орнымызды нықтай отырып, елімізді дамыту – 

баршамыздың міндетіміз, парызымыз», - деді 

әкім. 


БҚО  орыс  мәдениеті  орта лы ғ ының 

төрағасы  Сергей  Погодин  «Мәңгілік  ел» 

идеясының логотипі – шаңырақ – бейбітшілік 

пен  келісімде  өмір  сүріп  отырған  түрлі 

мәдениеттер  мен  этностар  өкілдерінің  ортақ 

үйінің символын, береке мен бірлік идеясын, 

мақсат-мүддесі ортақ қазақстандық қоғамның 

ынтымағын  айшықтайтынын  айтты.  Корей 

этномәдени  бірлестігі  төрағасының  бірінші 

орынбасары Анатолий Ким, «Сочи-2014» қысқы 

олимпиадасының финалистері Айдар Бекжанов 

пен  Абзал  Әжіғалиевтер  сөз  алып,  акцияға 

қатысушыларды  «Мәңгілік  ел»  жалпыұлттық 

идеясын қолдауға шақырды. Қазақстан халқы 

БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары, 

хатшылық жетекшісі Ғайса Қапақов Орал өңірі 

халқының ыстық ықыласы мен жылы лебізімен 

толыққан тілек кітабының енді өзге аймақтарға 

жол тартатынын жеткізді

.

Облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен: 



«Мәңгілік  ел  –  ортақ  шаңырақ  астындағы 

барлық  ұлттардың  тұтастығы  мен  бірлігі, 

келісімі  мен  бейбітшілігі.  Бүгінгі  шара  – 

жастардың,  халықтың  мерекесі.  Мәңгілік  ел 

–  біздің  басты  құндылығымыз»,  -  деп  БҚМУ 

студенттерінің  аталмыш  шараға  белсене 

атсалысып жатқанына ризашылығын білдірді. 

Университетіміздің түрлі этномәдени орталық 

жетекшілері өз ойларымен бөлісті.

Жолдауды  жүзеге  асыратын  –  жастар. 

Мақсатымыз  біреу,  ол  –  тәуелсіздігімізді 

тұғырлы етіп ұстау, мүддеміз біреу, ол – келісім 

мен  бейбітшілік  орнаған  қоғамда  бірге  өмір 

сүру,  болашағымыз  біреу  және  айқын,  ол  – 

елімізді дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу. 

Еңбек  етіп,  тәуелсіздігімізді  алға  жылжытып 

Мәңгілік елдің бір кірпіші болып қалануға күш 

салу керек, – деді жастар сарайында сөз алған 

облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар.

Аталмыш  акция  М.Өтемісов  атындағы 

Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университеті 

студенттері мен Ж.Досмұхамбетов атындағы 

колледжнің    белсенді  студенттері  «Мәңгілік 

ел» барысында патриоттық әндер шырқалып, 

өлеңдер  оқылды,  тілек  кітабына  лебіздер 

жазылды. Бұл тілек кітабы облыстарда акция 

аяқталғаннан кейін Елбасына табысталады

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет