Стресстің адаптациялық маңызы.
Стресстің адаптациялық әсері мына жолдармен болуы мүмкін:
Жағымсыз ықпалдың әсерінен организмде энергияның және құрылымдық заттардың жұмылдырылуы болады. Осыдан қанда глюкоза, амин қышқылы, май қышқылының деңгейі көтеріледі.
Стресс кезінде тіршілікке маңызды мембрана мен байланысқан нәруыздардың рецепторлардың адаптацияға қалыптасуы әлсірейді.
Стресс кезінде аэроптық гликолиздің артуы ағза тіндерін гипоксияға төзімділігін көтереді.
Стресс адамға екі жағдайда әсер етеді:
Организмге әсер еткен ықпал қарқындылығы артық болып стресс дамитын жүйенің белсенділігі қатты көтерілуінен
Стрессті шектейтін жүйенің туа біткен және жүре пайда болған тапшылықтарынан
Жүре пайда болған бұл ферменттің аз түзілуінен немесе белсенділігінің төмендеуінен қоршаған ортаның ластануынан, ашығудан, тамақты микроэлементтердің витаминдері, витаминдердің тапшылығынан дамиды.
Дерттің дамуы мына жолдармен болуы ықтимал:
Организмде адаптацияға жауапты функциялық басым жүйе қалыптасқан жағымсыз ықпалдың әсерінен жұмылдырылған құрылымдардың тек энергетикалық заттар дұрыс пайдаланылмайды. Сондықтан организмде ыдырау түзілу процесстерінен басым болады.
Стресс кезінде қанда катехоламиндермен көбейіп кетуі, асқазанда ойық жараның қан тамыларының жиырылуының күшеюі, жүректе инфаркт, қан айналуының бұзылуы, артериялық гипертонзияның пайда болуына алып келуі.
Стресс кезінде катехоламиндердің көп түзілуі жасуша мембранасында фосфолипаза, липаза, ферменттердің белсенділігін арттырады. Осының салдарынан артеросклероз, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабетінің кейбір түрлері, жан дүниелік және тері ауруларының өспелері дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |