Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет24/147
Дата01.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#107529
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   147
Байланысты:
44 СН РК 3.02-13-2014
9 апта тапсырма
ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
 
13 
5.4.3 Үй-жайларды ішкі әрлеу  
 
5.4.3.1 Медициналық-технологиялық 
процестерге 
байланысты 
емдеу-
профилактикалық  мекемелер  үй-жайлары  қабырғаларының,  арақабырғаларының  және 
төбелерінің  беттері  және  дәрілік  заттарды  және  медициналық  мақсатты  бұйымдарды 
қабылдау,  сақтау  және  жіберу,  өндіру  жүзеге  асатын  дәріхана  үй-жайларының  беттері, 
сонымен  қатар  сүт  асханаларының  және  үлестіретін  сүт  асханаларының  беттері  үй-
жайдың мақсатына байланысты ылғалды және суды жинауға және дезинфекциялауға жол 
берілетін тегіс болуы тиіс.  
5.4.3.2  Дымқыл  жұмыс  режимді  үй-жайларда,  сонымен  қатар  дымқыл  ағымдағы 
дезинфекция жасалатын үй-жайларда (операциялық, таңу, операция алдындағы, наркозды, 
босандыру,  процедуралық  бөлмелердің,  ванна,  душ,  санитарлық  тораптар,  санитарлық 
бөлмелер,  кір  жуу,  кір  киімді  сақтау  мен  жинау  үй-жайлары,  жинау  керек-жарақтары, 
медициналық қалдықтарды уақытша сақтау үй-жайлары және т. б.) қабырғалардың түгел 
биіктігін  ылғалға  төзімді  материалдармен  қаптау  керек.  Палаталар,  дәрігер  кабинеттері, 
холдар,  вестибюльдер,  физиотерапиялық  және  басқа  емдеу-диагностикалық  кабинеттер 
қабырғаларын бояу үшін нитробояуларды қолдануға жол берілмейді. 
Операциялық  бөлімдерде  лазерлік  техниканы  қолдану  арқылы  қабырғалардың 
беттері жарықты шағылыстырмайтын күңгірт болуы тиіс. 
5.4.3.3  Операциялық,  операция  алдындағы,  наркозды,  реанимациялық  бөлмелердің, 
қарқынды  терапия  палаталарының,  босану,  босану  алдындағы  бөлімдердің,  клиника-
диагностикалық  зертханалар  мен  стационарлардың  басқа  мамандандырылған  үй-
жайларының  едендері  тез  тазаланатын  және  дезинфекциялаушы  ерітіндімен  жиі  жууға 
болатын,  сонымен  қатар  науқастарды,  материалдар  мен  жабдықтарды  тасымалдау  үшін 
қолайлы ылғалға төзімді материалмен жабылуы тиіс. 
5.4.3.4 Операциялық, наркозды бөлмелердегі, барозалдардағы, қоймалардағы, электр 
жарықпен  емдеу  кабинеттеріндегі  (физиобөлім)  еден  жабыны  ҚР  ҚН  3.02-36  сәйкес 
антистатикалық және ұшқынға қауіпсіз болуы тиіс. 
Баспалдақ  алаңдарының  мен  сыртқы  кіреберіс  есіктер  тамбурларының  едендері 
сырғанауға қарсы материалдан жасалуы тиіс. 
5.4.3.5  Ашық  радионуклидтермен  жұмыс  жүргізілетін  үй-жайлар  конструкциялары 
және  қабырғалары,  арақабырғалары,  едендері  мен  төбелерінің  әрленуі  радиациялық 
қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  бойынша  санитарлық-гигиеналық  талаптарда  мазмұндалған 
талаптарға жауап беруі тиіс. Процедуралық рентген кабинеттеріндегі едендер жабындары 
электр оқшаулаушы материалдардан орындалуы тиіс.  
5.4.3.6  Рентген  кабинеттерінің  және  электрлік  жарықпен  емдеу  кабинеттерінің 
қабырғаларын,  арақабырғаларын  және  едендерін  керамикалық  плиткамен  әрлеуге  жол 
берілмейді. 
5.4.3.7 Офтальмология 
кабинеттерінің 
жанындағы 
қараңғы 
кабиналардың 
қабырғалары мен төбелері қара күңгірт түсті бояумен жабылуы тиіс. 
5.4.3.8 Төбе астындағы инженерлік жүйелерді ажырату талап етілетін, медициналық-
технологиялық  процеске  байланысты  үй-жайларда  осы  үй-жайлар  үшін  санитарлық-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет