Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет32/147
Дата01.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#107529
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   147
Байланысты:
44 СН РК 3.02-13-2014
9 апта тапсырма
ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
 
17 
5.4.5.2  Қабылдау  бөлімдері,  мамандандырылған  бокстар,  травматологиялық 
пункттер 
 
5.4.5.2.1  Қабылдау  бөлімі  науқастарды  жоспарлық  және  жедел  қабылдау 
құрылымдарына  бөлінеді.  Қабылдау  бөлімдері  және  науқастарды  шығару  үй-жайлары 
балаларға,  акушерлік,  гинекологиялық,  инфекциялық,  туберкулез,  психиатриялық 
(психосоматикалық) бөлімдер үшін жеке болуы тиіс. 
5.4.5.2.2  Көп  салалы  ауруханалардың  қабылдау  бөлімі  жанында  диагнозын 
анықтағанға дейін науқастарды жатқызуға арналған палаталар қарастырылуы керек. 
5.4.5.2.3 Науқас балаларды стационарға қабылдау үшін қабылдау-тексеру бокстарын 
(инфекциялық ауруханалардағы сияқты) ұйымдастыру керек.  
Ана мен баланы қорғау объектілерінде қабылдау үй-жайларының топтарын (тексеру, 
жаңа  босанған  әйелдерді  және  жүкті  әйелдерді  санитарлық  өңдеу  үй-жайлары) 
физиологиялық  бөлім  және  жүктілік  патология  бөлімдері  үшін  жалпы  және 
гинекологиялық  бөлімі  үшін  жеке  қарастыру  керек.  Осы  бөлімдер  науқастарының  жүру 
жолы,  баспалдақ  торлары  мен  лифтілерді  қоса  алғанда,  бір-бірінен  қатаң  түрде 
оқшаулануы тиіс.  
5.4.5.2.4  Перзентхананың  қабылдау  бөлімінің  (акушер  бөлімінің)  жанында  босану 
боксы қарастырылуы тиіс. 
5.4.5.2.5  Емдеу  стационарларының  қуаттылығына,  профиліне  және  құрылымына 
байланысты  қабылдау  бөлімдерінің  құрамы,  қабылдау  бөлімдері  үй-жайының, 
мамандандырылған  бокстар  мен  травматологиялық  пункттер  ауданы  «Денсаулық  сақтау 
объектілеріне  қойылатын  санитарлық-эпидемиологиялық  талаптар»  санитарлық  ережені 
ескере отырып анықталады.   
5.4.5.2.6  Қабылдау  және  ауруханадан  шығару  бөлімдерін  ғимараттың  оқшауланған 
бөлігіне  және  мүмкіндігіне  қарай  аурухана  учаскесінің  аумағындағы  негізгі  кіре  беріске 
жақын  орналастыру  керек.  Олар  өтетін  жол  болмауы  тиіс.  Санитарлық  машиналардың 
бөлімге кіруі үшін машиналардың тұрағына арналған шатыры бар пандус қарастырылуы 
керек.  
5.4.5.2.7  Сонымен  қатар,  инфекциялық  науқастарды  қабылдау  үшін  төмендегілерді 
қарастыру керек:  
-  қабылдау  бөлімін  басқа  барлық  стационар  бөлімдерінен  оқшаулау  (қызметкерлер 
және науқастар үшін санитарлық өткізу орнын ұйымдастыру арқылы);  

науқастарды  диспетчерлік  бөлім  арқылы  қабылдау-тексеру  бокстарына 
қабылдауды ұйымдастыру.  
5.4.5.2.8 Тексеру кабинетін санитарлық өткізу орнының жанына, қабылдау бөлімінің 
вестибюльдік-күту  орнына  жақын  орналастыруға  жол  беріледі,  кіреберіс  есіктердің 
габариттері каталканың еркін кіруін қамтамасыз етуі тиіс.  
5.4.5.2.9 Қабылдау-тексеру боксы үй-жайының құрамына мыналар кіреді:  
- кіреберіс (сыртқы) тамбур;  
- тексеру үй-жайы;  
- дәретхана;  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет