5.4.4.3.1 Әйелдер консультациясы емхананың жеке ғимаратында орналастырылуы
мүмкін.
5.4.4.3.2 Жеке ғимараттарда орналасқан әйелдер консультациясы үшін дербес жер
телімін қарастыру керек.
5.4.4.3.3 Әйелдер консультациясының қуаттылығы адамдардың бір күндегі келу
санымен анықталады.
5.4.4.3.4 Емхана құрамына кіретін әйелдер консультациясы оқшау орналаспауы тиіс.
5.4.4.3.5 Мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық тексеру, диагностика және
сирек кездесетін патологиясы бар әйелдерді емдеу үшін жеке кабинеттер қарастырылады.
5.4.4.3.6
Балалар
мен
жасөспірімдерді
қабылдауға
арналған
кабинетті
мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық қабылдайтын басқа кабинеттерден жеке,
оқшауланған аймаққа орналастыру керек.