Строительные нормы республики казахстан


 Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар



Pdf көрінісі
бет26/147
Дата01.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#107529
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   147
Байланысты:
44 СН РК 3.02-13-2014
9 апта тапсырма
5.4.4 Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар  
 
5.4.4.1  Ересектерге  арналған  амбулаториялық-емханалық  көмек  көрсететін 
ұйымдар  
 
5.4.4.1.1  Стационарлық  емес  медициналық  ұйымдар  амбулаториялық-емханалық 
және  басқа  (зертхана,  орталықтандырылған  зарасыздандыру  бөлімдері  және  басқалар) 
болып бөлінеді. 
5.4.4.1.2 Амбулаториялық-емханалық ұйымдарға төмендегілер жатады: 
-  фельдшер-акушерлік  пункттер,  ауылдық  дәрігерлік  амбулатория,  жалпы 
тәжірибедегі дәрігер консультациясы
- аумақтық емханалар (аудандық, қалалық және басқалары); 
- ведомстволық емханалар; 
- көп салалы және мамандандырылған медициналық орталықтар
- мамандандырылған емханалар, оның ішінде стационарлары жоқ диспансерлер. 
- қалпына келтіру емдеу орталықтары. 
5.4.4.1.3  Емханалардың  жоспарлау  құрылымы  келушілердің:  науқастардың, 
профилактика  бөліміне  келушілердің,  балалардың,  емхана  қызметкерлерінің  ағымдарын 
бөлуге қойылатын талаптарды ескеруі тиіс. 
Емхананың  ішкі  кеңістігін  аймақтарға  бөлу  барысында  үй-жайлар  мынадай  негізгі 
топтарға бөлінуі тиіс: 
- жалпы;  
- емдеу-профилактикалық бөлімше; 
- қызметтік және тұрмыстық. 
Травматология  пунктінің  болуы  мекеме  саласына  сәйкес  және  қолданыстағы 
нормативтік құжаттар талаптарын ескере отырып анықталады. 
5.4.4.1.4  Облыстық  консультациялық  емханалар  немесе  республикалық,  облыстық 
ауруханалардың  емхана  бөлімдері  кезінде  консультация,  тексеру  және  емдеу  кезеңінде 
сырттан келген науқастардың келуі үшін жеке тұрған пансионаттарды қарастыру керек.  
5.4.4.1.5  Жедел  көмек  бөлімін,  травматологиялық  пунктті,  инфекциялық  кабинетті 
өздігінен сыртқа шығаберіс есіктер арқылы орналастыру керек. 
5.4.4.1.6  Стоматологиялық  емханаларды  (бөлімдерді)  және  кабинеттерді  жобалау 
барысында қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарын басшылыққа алу керек.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет