Дайын өнімді сақтау. Дайын өнім сатуға шығарылуға дейін арнайы камераларда сақталады. Сақтау камераларының жасанды салқындату және изоляциясы болады. Пастерленген сүттің барлық түрлері камерадағы ауаның температурасы 0-8°С температурада, ауаның қалыпты ылғалдылығында (85-90%) сақтайды. Сақтау камераларында ауаның вентиляциясы мен тазалықты қатаң ұстану қажет. Пастерленген сүтті сақтау ұзақтығы технологиялық процес аяқталған кезден бастап 36 сағаттан артық болмауы керек, соның ішінде өндіруші өнеркәсіпте 18 сағаттан аспауы керек. Пастерленген сүтті сауда орындарына және жалпы тамақтану өнеркәсіптеріне салқындатқышы бар немесе изотермиялық кузовы бар автокөліктермен тасымалданады. Пастерленген сүтті ашық машиналарда тасымалдауға рұқсат беріледі, бірақ өнімнің беті міндетті түрде брезентпен немесе материалмен жабылуы тиіс.
Пастерленген сүтті өндірудің технологиялық схемасы мына операциялардан тұрады:
Сүтті қабылдау
Суыту, резервуарлау (8-100С )
Сүтті нормалау
Сүтті тазалау (40-45 0С)
Пастерлеу (t=76±20С; t=20с)
Гомогендеу (60-65 0С) (P=15±2,5 МПа)
Суыту (t=4…60С)
Құю, қаптау, маркілеу
Сақтау (0-60С, 36 сағаттан кем емес )