Студент: Аралбай Аяжан БҚБ-202 Өсімдіктердің жіктелуі


Жасыл балдырлардың 5 класы



бет6/9
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#89840
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Аралбай Аяжан срсп 9анатомия

Жасыл балдырлардың 5 класы:

  • вольвокс жасыл балдырлары (Volvocophyceae);
  • хлорококк жасыл балдырлары (протококк) (Chlorococcophyceae, Protococcohyceae);
  • улотрикс жасыл балдырлары (Ulotrіchophyceae);
  • сифонды жасыл балдырлары (Sіphonophyceae);
  • конъюгаттар (Conjugatophyceae).

Нағыз жасыл балдырлар (Euchlozphycae) немесе тең талшықтылар (Jsocontae) класы Класты эволюциялық дамуына қарай көпшілік ғалымдар бірнеше қатарға бөледі:

  • Вольвокстер (Volvocales) қатары - Бұл қатарға бір жасушалы және колониялы организмдер жатады. Басқа жасыл балдырлармен салыстырғанда, олар вегетативтік күйінде қозғалғыш келеді. Бір жасушалы түрлеріне ақпайтын, органикалық қосылыстары көп тұщы суларда жиі кездесетін.
  • Хлорококты немесе протококты (Chlorococcales немесе Protococcales) балдырлар қатары - бір жасушалы және колониялы организмдер жатады, бірақ олардан айырмашылығы вегетативті күйінде қозғалмайды, тек көбею қызметін атқаратын зооспоралар мен гаметалар ғана қозғалуға қабілетті келеді.
  • Улотрикстер (Ulothrichales) қатары- көп жасушалы жай және тарамдалған жіп тәрізді балдырлар жатады, кейбір түрлерінің талломы пластинка пішінденіп келеді. Улотриксті балдырлар вегетативті күйінде клеткалары үздіксіз бөлінуінің нәтижесінде талломдары ұзарып, өсе береді. Көпшілік улотриксті балдырлардың жасушалары бір ядролы. Жынысты көбеюі изогамия, гетерогамия, оогамия. Улотрикстердің вегетативті күйінде қозғалыс стратегиясы болмайды. Көбінесе субстратқа бекініп тіршілік етеді.
  • Сифонокладылар (Siphonocladiles) қатары - Бұларға жіп тәрізді көбінесе тарамдалып келетін ірі көп ядролы балдырлар жатады. Хромотофорасы торлы пластинка пішінді, көптеген пиреноидттары болады. Төрт не екі талшықты зооспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Изогамия, сирек те болса гетерогамия жолымен жынысты көбейеді. Бұлардв да ульва сияқты ұрпақ ауысу байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет