Студент: Аралбай Аяжан БҚБ-202 Өсімдіктердің жіктелуі



бет7/9
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#89840
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Аралбай Аяжан срсп 9анатомия

Вольвоксты –VOLVOCALES балдырлар қатары. Бұл қатарға вегетативтік уақытында қозғалғыш келетін бір жасушалы, ценобиальды-монада құрылысты организмдер жатады. Хламидомонада туысы бір жасушалы дөңгелек, сопақ, ұршық т.б. пішінді, монада құрылысты организм. Вольвокс туысы шар пішінді, диаметрі 2 мм-ге дейін жететін ценобиальды балдыр. Ценобиаль құрайтын жасушалар шардың сыртқы бетіне орналасады да бір-бірімен протоплазмалық жіпшелер арқылы байланысып жатады. Ал шар, сыртынан тор сияқты болады. Мұндағы жасушалар саны 500-ден 60000-ға дейін барады. Вольвоксты құрайтын жасушалар құрылысы жағынан хламидомонадаға ұқсас, олардың әрқайсысының хлоропластасы, цитоплазмасы, ядросы, көзшесі және екі талшығы болады. Осы талшықтардың бір бағытқа қарай қозғалуына байланысты бір орнынан екінші орынға қозғалып отырады. Вольвокс жасушалары біркелкі болмай ірілі-ұсақты болып келеді. Ұсақ жасушалар бөлінуге қабілетсіз. Олар көмір қышқыл газынан жарықта көміртегін ассимиляциялайды, сөйтіп фотосинтез қызметін атқарады. Ал ірі жасушалар көбеюге қабілетті. Ондай ірі жасушалардың саны оншақты, оларды партеногонидиялық жасушалардың бойлай бөлінуі арқылы жаңа жасушалар түзіледі, бұлардан дамыған пластинка табақ сияқты сыртқа қарай дөңгеленіп иіледі. Бұл кезде денесінің алдыңғы жағы иілген пластинканың ішіне қарап жатады, кейіннен алдыңғы жағы арқылы сыртқа қарап айналып түседі де пластинка шеттері арқылы түйісіп, іші қуыс шарға айналады. Кейінгілердің жасушалары аналық шардың жасушаларына ұқсас және әрбір жасуша екіден өзіне талшық түзетін болады. Мұндай жас шарлар бірнешеу болып, аналық шардың орта қуысына түсіп қозғалады. Олардың ұлғаюынан аналық шардың қабырғасы жыртылады да жас шарлар сыртқа шығып, өз беттерімен тіршілік ете бастайды. Жынысты көбеюі оогамиялы.

  • Вольвоксты –VOLVOCALES балдырлар қатары. Бұл қатарға вегетативтік уақытында қозғалғыш келетін бір жасушалы, ценобиальды-монада құрылысты организмдер жатады. Хламидомонада туысы бір жасушалы дөңгелек, сопақ, ұршық т.б. пішінді, монада құрылысты организм. Вольвокс туысы шар пішінді, диаметрі 2 мм-ге дейін жететін ценобиальды балдыр. Ценобиаль құрайтын жасушалар шардың сыртқы бетіне орналасады да бір-бірімен протоплазмалық жіпшелер арқылы байланысып жатады. Ал шар, сыртынан тор сияқты болады. Мұндағы жасушалар саны 500-ден 60000-ға дейін барады. Вольвоксты құрайтын жасушалар құрылысы жағынан хламидомонадаға ұқсас, олардың әрқайсысының хлоропластасы, цитоплазмасы, ядросы, көзшесі және екі талшығы болады. Осы талшықтардың бір бағытқа қарай қозғалуына байланысты бір орнынан екінші орынға қозғалып отырады. Вольвокс жасушалары біркелкі болмай ірілі-ұсақты болып келеді. Ұсақ жасушалар бөлінуге қабілетсіз. Олар көмір қышқыл газынан жарықта көміртегін ассимиляциялайды, сөйтіп фотосинтез қызметін атқарады. Ал ірі жасушалар көбеюге қабілетті. Ондай ірі жасушалардың саны оншақты, оларды партеногонидиялық жасушалардың бойлай бөлінуі арқылы жаңа жасушалар түзіледі, бұлардан дамыған пластинка табақ сияқты сыртқа қарай дөңгеленіп иіледі. Бұл кезде денесінің алдыңғы жағы иілген пластинканың ішіне қарап жатады, кейіннен алдыңғы жағы арқылы сыртқа қарап айналып түседі де пластинка шеттері арқылы түйісіп, іші қуыс шарға айналады. Кейінгілердің жасушалары аналық шардың жасушаларына ұқсас және әрбір жасуша екіден өзіне талшық түзетін болады. Мұндай жас шарлар бірнешеу болып, аналық шардың орта қуысына түсіп қозғалады. Олардың ұлғаюынан аналық шардың қабырғасы жыртылады да жас шарлар сыртқа шығып, өз беттерімен тіршілік ете бастайды. Жынысты көбеюі оогамиялы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет