Студент: Аралбай Аяжан БҚБ-202 Өсімдіктердің жіктелуі



бет9/9
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#89840
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Аралбай Аяжан срсп 9анатомия

Улотриксті балдырлар класы — Ulоthrісhорhусеае. Улотриксті балдырлар класына талломының құрылысы жіп тәрізді немесе пластинкалы болып келетін көптеген жасыл балдырлар жатады. Ағын сулы өзендердің астындағы тастарда және шіріген ағаштардың қалдықтарында жабысып тұрған ашық-көк түсті жіптердің жиынтығын көруге болады. Ол көп клеткалы, жіп тәрізді жасыл балдыр - улотрикс. Оның жіптері қысқа, цилиндр тәрізді жасушалардың тізбегінен тұрады. Осы жасушалардың әрқайсысында бір-бірден ядро және ұштары қосылмаған сақина тәрізді хроматофоры болады. Улотрикстің жасушарының бөлінуінің нәтижесінде жіптері ұзарып өсіп отырады. Улотриксте хламидомонада секілді фотосинтез процесінің нәтижесінде қажетті қоректік органикалық заттарды сорып қабылдайды. Улотрикстың базальды жасушасы түссіз сопақша болып келеді. Ол арқылы жіпше субстратқа бекініп тұрады. Жыныссыз көбеюі сопақша болып келген төрт талшықты, сиректеу екі талшықты зооспоралары арқылы жүзеге асады. Зооспоралары қолайлы жағдайларда базальды жасушадан басқа кез-келген жасушадан 2-4-тен (макрозооспоралар) немесе көптен (микрозооспоралар) пайда болады. Олар аналық жасушадан босап шығып, біраз қозғалып жүргеннен кейін талшықтарын тастап, су түбіндегі тастың бетіне, не топыраққа бекініп бөліне бастайды. Олардан келешегінде улотрикстің жаңа жіпшесі дамиды. Қолайсыз жағдайларда балдырдың кейбір жасушаларынан көптеген ұсақ екі талшығы бар қозғалғыш гаметалар (4)-8-32(64) пайда болады. Гаметалардың мөлшері бірдей (изогаметалар), олар суға шығып екеу-екеуден қосылады. Әдетте әртүрлі жіптерден пайда болған гаметалар қосылады. Одан зигота түзіледі. Ол қалың қабықпен қапталып ұзақ уақыттар бойы тыныштық күйінде тұра алады. Қолайлы жағдайда зигота бөлініп одан төрт қозғалмайтын жасуша - спора түзіледі. Олардың әрқайсысы су астына шөгіп жаңа жіп тәрізді балдыр улотриксқа айналады.

  • Улотриксті балдырлар класы — Ulоthrісhорhусеае. Улотриксті балдырлар класына талломының құрылысы жіп тәрізді немесе пластинкалы болып келетін көптеген жасыл балдырлар жатады. Ағын сулы өзендердің астындағы тастарда және шіріген ағаштардың қалдықтарында жабысып тұрған ашық-көк түсті жіптердің жиынтығын көруге болады. Ол көп клеткалы, жіп тәрізді жасыл балдыр - улотрикс. Оның жіптері қысқа, цилиндр тәрізді жасушалардың тізбегінен тұрады. Осы жасушалардың әрқайсысында бір-бірден ядро және ұштары қосылмаған сақина тәрізді хроматофоры болады. Улотрикстің жасушарының бөлінуінің нәтижесінде жіптері ұзарып өсіп отырады. Улотриксте хламидомонада секілді фотосинтез процесінің нәтижесінде қажетті қоректік органикалық заттарды сорып қабылдайды. Улотрикстың базальды жасушасы түссіз сопақша болып келеді. Ол арқылы жіпше субстратқа бекініп тұрады. Жыныссыз көбеюі сопақша болып келген төрт талшықты, сиректеу екі талшықты зооспоралары арқылы жүзеге асады. Зооспоралары қолайлы жағдайларда базальды жасушадан басқа кез-келген жасушадан 2-4-тен (макрозооспоралар) немесе көптен (микрозооспоралар) пайда болады. Олар аналық жасушадан босап шығып, біраз қозғалып жүргеннен кейін талшықтарын тастап, су түбіндегі тастың бетіне, не топыраққа бекініп бөліне бастайды. Олардан келешегінде улотрикстің жаңа жіпшесі дамиды. Қолайсыз жағдайларда балдырдың кейбір жасушаларынан көптеген ұсақ екі талшығы бар қозғалғыш гаметалар (4)-8-32(64) пайда болады. Гаметалардың мөлшері бірдей (изогаметалар), олар суға шығып екеу-екеуден қосылады. Әдетте әртүрлі жіптерден пайда болған гаметалар қосылады. Одан зигота түзіледі. Ол қалың қабықпен қапталып ұзақ уақыттар бойы тыныштық күйінде тұра алады. Қолайлы жағдайда зигота бөлініп одан төрт қозғалмайтын жасуша - спора түзіледі. Олардың әрқайсысы су астына шөгіп жаңа жіп тәрізді балдыр улотриксқа айналады.
  • Сифонды балдырлар класы -Siрhоnорhусеае Бұл класқа жататын балдырлардың басқа жасыл балдырлардан айырмашылығы сол, олардың жасушалық құрылысы болмайды. Сифонды балдырлар түрлерінің саны онша көп емес (400-500 түрден аспайды). Сифонды балдырлардың 90%-ті теңізде өседі. Негізгі өкілдерінің бірі каулерпа туысы. Бұл Жерорта теңізінде жиі кездесетін талломының ұзындығы 0,5 метр, кейде одан да көптеу (1 метрге жететін) болатын балдыр. Сырт қарағанда оның субстратқа төселіп жататын "тамырсабағы", одан жоғары тік өсетін "сабақшасы" үлкен "жапырақ" тәрізді жасыл пластинкалары және субстратқа бекініп тұратын "тамыр" тәрізді ризоидтары болады. Алайда бұл протопласты барлығына ортақ, көп ядролы, жасыл дән тәрізді хроматофорасы бар, аса үлкен бір жасуша түрінде болатын балдыр, талломының қуысы ешбір перделермен бөлінбеген, яғни жасушаланбаған, бірақ оны целлюлозалы тіректер қиып өтеді. Нағыз жыныссыз көбеюі жоқ, кейде талломының бөліктері арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Жыныстық процесі изогамиялы. Өмірлік циклының барлығы дерлік диплоидты фазада өтеді. Мейоз процесі изогаметалар түзілердің алдында ғана жүреді.

  • Спирогира
  • (Spirogyra)-тұщы суларда, суға жасыл түс беретін, сырты сілемей,жібі бір қатарға орналасып, ұзын жасушалардан құралған, хромотофоры орама пішінді көп жасушалы балдыр;

Конъюгаттар , немесе муфталар немесе зигнемофиттік (лат. Conjugatophyceae немесе Zygnematophyceae) - Harophyta бөлімінен шыққан балдырлар класы

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет