Тапсырысты хаттаудың реті.
Жаңалық ашуға патент немесе авторлық куәлікті беруге тапсырысты автормен Қ.Р – дың №27 – 1 1999жылдың 16 шілдесінен патенттік заңына сәйкес Казпатентке береді.
Тапсырысты хаттау кезінде жаңалық ашуға тапсырысты құру бойынша нұсқаулармен қолдану керек. Патентті беруге тапсырыс мыналар болу керек:
Патент беру туралы тапсырыс.
Жаңалық формуласы бар, жаңалық жазбасы, сызбалар, сұлбалар.
Болжанатын жаңалықты суреттейтін сынақ актілері және басқа материалдар (Егер олар жаңалық мәнін және мағынасын толық ашатын болса)
Жаңалық ашуда әрбір автордың әрқайсысы қатысқаны туралы анықтама.
Жаңалық жазбасында, жаңалық формасында және тапсырыстың басқа материалдарында ашылғанның қысқаша мінездемесі бар мәнжазба (қолдану аймағын және мүмкін көрсетумен)
Техникалық шешімнің жаңалығы туралы қорытынды.
Жаңалық ашудың жазбасы.
Жаңалық жазбасы сонымен қатар графикалық материалдар (Егер олар қажет болса) ашылған жаңалықты суреттейтін тапсырыстың негізгі құжаты болып табылады. Жаңалық ашудың жазбасына мыналар кіреді:
Жаңалық атауы және тапсырыс берушінің ойы бойынша жаңалықтың халықаралық жіктеу класы;
Жаңалықтың техника аймағы және жаңалықты қолданудың пайдалы аймағы;
Жаңалықтың аналогінің сипаттамасы;
Тапсырыс берушімен таңдалған прототив сипаттамасы;
Прототив критикасы;
Жаңалық ашудың мақсаты;
Жаңалық ашудың мәні және оның айырмашылық белгілері;
Графикалық суреттеудің фигуралар тізімі;
Нақты орындау мысалдары;
Техника экономикалық немесе басқа тиімділік;
Жаңалық ашу формуласы;
Жазбаның әрбір бөлімі жеке абзац түрінде келеді. Жазбаның барлық бөлімдерін жазу кезінде осы техника аймағында қабылданған терминдерді қолдану керек, өлшеудің бір бірлік жүйесін қолдану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |