Премедикация
Мақсаты: науқасты операцияға медикаментті дайындау.
Керекті заттар:70% спирт, стерильді таңу материалдары, стерильді латок, наркотикалық анальгетиктер, десенсибилизациялық дәрілер, М-холинолитиктер, транквилизаторлар, стерильді биялай.
Іс-әрекет алгоритмі:
Кешкілік премедикация түнде ұйықтар алдын жасалынады:
Қолымызға стерильді биялай киеміз
Науқасқа іс-шара барысын түсіндіреміз
Науқасқа ыңғайлы қалып береміз
Мына дәрілерді енгіземіз дәрігер тағайындауымен: тыныштандырғыш (0,005г адонис-бромо к/т), ұйықтатқыш (0,25г фенобарбитал),транквилизаторлар (1мл-0,5% реланиум, 1мл-2,5% аминазин б/е), наркотикалық анальгетиктер (1мл-1% морфин , 1мл-0,005% фентанил), десенсибилизациялық дәрілер (1мл-1% димедрол)
Достарыңызбен бөлісу: |