АВО жүйесі бойынша жеке сәйкестікті анықтау.
Мақсаты: донор мен реципиент арасындағы сәйкестікті анықтау
Көрсеткіші: жедел қан құю: ота кезінде, ота алдын дайындық.
Керекті заттар: донор қаны, реципиент сары суы, шыны таяқшалар, пипетка, Петри чашкасы, шприц, ине, стерильді дәкелі шарик, спирт,стерильді пинцет, стерильді биялай, құм сағат, ҚҰҚ жәшәгі.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа іс-шара барысын түсіндіреміз
Науқасқа ыңғайлы қалып береміз
Қолыңызды гигиеналық деңгейде өңдейміз
Стерильді биялай киеміз
Науқас көктамырынан 5 мл қан алыңыз
Реципиент сары суын алу үшін 3 минут центрифуга апаратына саламыз
Донор қанын 37 градуста су моншасында жылытып алыңыз
Пипеткамен Петри чашкасына 2 тамшы реципиент сарысу мен 1 тамшы донор қанын тамызыңыз
Шыны таяқшамен жақсылап араластырыңыз
Реакцияны 5 минут бақылаймыз
Егер агглютинация болса қанды құюға болмайды
Псевдоагглютинация еместігіне көз жеткізу мақсатында 1 тамшы физиологиялық ерітінді тамызыңыз
Егер агглютинация болмаса, байқау теріс мәнді, қан сәйкес құюға болады
Биялайды шешіңіз, ҚҰҚ жәшігіне тастаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |