Мақсаты: Гемотрансфузионды шок ( бөтен топ немесе резус факторы бөтен қан компонентін құю кезінде немесе жеке және биологиялық сәйкестікке байқаулар өткізбеу құю кезінде дамитын ауыр асқыну).
Іс-әрекет алгоритмі:
тез қан компонентін құюды тоқтатады;
Дәрігерді шақырыңыз
Морфин 1%-1мл немесе промедол 2%-2мл немесе фентанил 0,005%-2мл+димедрол 1%-2мл+аскорбин қышқылы 5%-5-10мл к/т енгіземіз;
Гидрокарбонат натрий ерітіндісі 2%-200-400 мл көк тамырға тамшылатып;
Глюкоза ерітіндісін 5%-500-1000 мл к/т.т+соңында диурезді күшейту үшін 40-60 мг лазикс жібереміз (глюкоза ерітіндісінің орнына лактосоль немесе Рингер ерітіндісін, лазикстің орнына маннитол 15%-300-400 мл қолдануға болады);
Бүйректердегі қан айналым процессін жақсарту және тамырлардың спазмын жою үшін, АҚҚ нормаға келген соң глюкоза-новокаинді қоспа 200 мл к/т.т (глюкоза 5%-100 мл+новокаин 0,25%-100 мл) әр 1-2 сағат сайын енгізеді, арасында глюкоза 5% және реполиглюкин ерітінділері жіберіліп тұрады;
Гипертермия жағдайында анальгин 50%-2 мл б/е саламыз, тыныс алудың ауыр түрінің бұзылуында жасанды дем беру шараларын өткіземіз;