Полюглюкин арқылы резус тиістілік бойынша жеке сәйкестікті анықтау.
Мақсаты: донор мен реципиент арасындағы резус сәйкестікті анықтау
Көрсеткіші: жедел қан құю: ота кезінде, ота алдын дайындық.
Керекті заттар: донор қаны, 33% полюглюкин ерітіндісі, реципиент сары суы, шыны таяқшалар, пипетка, пробирка, шприц, ине, стерильді дәкелі шарик, спирт,стерильді пинцет, стерильді биялай, құм сағат, ҚҰҚ жәшәгі.
Іс-әрекет алгоритмі:
Қолыңызды гигиеналық деңгейде өңдейміз
Стерильді биялай киеміз
Пробирка түбіне 2 тамшы реципиент сары суын, 1 тамшы донор қанын және 1 тамшы 33% полюглюкин ерітіндісін тамызыңыз.
Пробирканы жай шайқаңыз
Пробирканы иіп горизонтальды бағытта жай айналдыра отырып 5 минут ағымында араластырыңыз
Пробиркаға 3-4 мл 0,9% натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін тамызыңыз
2-3 рет пробирканы айналдыра отырып араластырыңыз
Егер агглютинация болса қанды құюға болмайды
Егер агглютинация болмаса , реакция теріс мәнді жәнеде қанда құюға болады
Биялайды шешіңіз және ҚҰҚ жәшігіне тастаңыз
Ескерту: Бөлме температурасы 15-25 градус аралығында болу керек жалған агглютинация болмау мақсатында.
Достарыңызбен бөлісу: |