бет 46/46 Дата 05.05.2020 өлшемі 231,85 Kb. #66009
Байланысты:
оеска t Word (3)-1 оеска t Word (3)-1 Резус фактор анықтау.
Мақсаты: науқастың резус тиістілігін анықтау
Керекті заттар: универсалды антирезус реагент;пробирка;капилляр немесе Пастер пипеткасы ; натрий хлоридінің 0,9% физиологиялық ерітіндісі; стерильді биялай
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа іс-шара барысын және мақсатын түсіндіріңіз.
Науқастың жалпы жағдайын бағалай алатындай қалып беріңіз.
Қолдың гигиеналық деңгейде өңдеңіз.
Стерильді биялай киіңіз.
Пробирканың қабырғасына капиллярмен 1 тамшы тексерілетін қанды тамызамыз;
Оның үстіне 2 үлкен тамшы универсалды антирезус реагент сарысуын тамызамыз , ара қатынас 1:4 болуы керек.
Пробирканы жайлап горизонталды етіп қозғап, ішіндегі қоспаны 3 минут бойы араластырады , пробирканы сілкуге болмайды;
Сонан соң пробирканың қабырғасына шприцпен 2-3 мл натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісін құямыз ;
Егер пробиркада агглютинация реакциясы байқалса, түбінде жапырақша немесе тәрізді тұңба пайда болады , ал бетіндегі сұйықтық мөлдір болып келеді, бұл қанның резус факторы оң болып саналады ;
Егер пробиркада агглютинация реакциясы жүрмесе, пробиркада тұнба бай- қалмайды, ал сұйықтықтың түсі сары-қызғыштау (тұман) болып келеді. Бұл қанның резус-факторы теріс мәнді болып саналады ;
Достарыңызбен бөлісу: