Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ЖЕЛАТИН – КАЛЬЦИЙ ХЛОРИДІ ЖҮЙЕСІНЕ ФЕРМЕНТТЕРДІҢ



Pdf көрінісі
бет198/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ЖЕЛАТИН – КАЛЬЦИЙ ХЛОРИДІ ЖҮЙЕСІНЕ ФЕРМЕНТТЕРДІҢ 
 ӘСЕРІН ТАЛДАУ 
 
Муртаза М.А. 
Ғылыми жетекшісі х.ғ.к., доцент Тюсюпова Б.Б. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
madinamurtaza002@gmail.com 
 
Биологиялық жолмен ыдырайтын полимерлер өндірісі қазіргі таңда ең өзекті 
мәселелердің бірі. Осыған орай, құрамында желатині бар қаптамаларға ферменттердің әсерін 
талдау 
бұл 
мәселені 
шешудің 
жолы 
болып 
табылады. 
Қазіргі таңда биологиялық жолмен ыдырайтын полимерлер негізінде жасалған дәрілік 
заттарды жеткізу жүйесіне микрокапсулалар, гельдер жатады. Дәрілік заттарды 
тасымалдауда, тамақ және фото өнеркәсібінде, сондай-ақ әртүрлі техникалық мақсаттарда 
қолданылатын табиғи биополимер желатин болып табылады. Әдетте желатин таблеткалар, 
түйіршіктер немесе ұнтақтар түрінде болады. Желатин түйіршіктері суық суға малынған 
кезде олар дискретті, ісінген бөлшектерге ылғалданады. Қызған кезде бұл ісінген бөлшектер 
ерітінді түзу үшін ериді.
Желатин – кальций хлориді және ферменттер негізінде қаптамалар алынды. Алынған 
үлдірлердің созылу және үзілуге қарсылығын МТ-150 (Ресей) машинасының көмегімен және 
кедір – бұдырлығын TR 110 құрылғысы арқылы анықтадық. Ферменттердің 
концентрациясының артуынан үлдірлердің реологиялық қасиеттері өзгереді. Яғни, 
ферменттердің қатысында қаптамалардың беріктік мәні кеміп, деформациялық және 
эластикалық қасиеті артатынын байқадық. Қаптамалардың деформациялық, эластикалық 
қасиеттерінің артуы адам ағзасында дәрілік заттардың өздігінен ыдырауына әсер етеді. 
Себебі, үлдірдің құрамына қосылған ферменттер кейбір әлсіз байланыстарды үзеді. Беріктік 
мәнінің кемуінің бірден-бір себебі желатин – кальций хлориді жүйесінің ферменттермен 
өзара әрекеттесуі негізінде жүйедегі кальций тігуші агент ретінде оның құрамына әсер етеді. 
Құрылымдық – механикалық өзгерістер сканерлеуші электронды микроскоп, сканерлеуші 
зондты 
микроскоп 
және 
ИҚ 
спектроскопия 
әдістерінен 
байқалды. 
Фермент негізінде биологиялық жолмен ыдырайтын қаптамалар алынды. Ферменттерді 
пайдалану дәрілік заттардың адам ағзасында ыдырап кетуіне қолайлы жағдай жасайды. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
205


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет