Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет2/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
esse kychakova a.yu , 1 ОЖСӨЖ, КТЖ-8 сынып 2 сағ дұрысы (3)(1), 7 synyp fizika pnnen zerthanaly zhmystar 1421073646 83055, 70 сұрақ, 70 сұрақ, 70 сұрақ, ea9aefc2-5dec-47b9-81e0-fbcf35756848, Толағай тауының тарихын айтшы, эссе Динара (1), httpslib.nsu.ruxmluibitstreamhandlensu584Задачник Физическая20химия.pdfsequence=4&isAllowed=y
 
Reference:
Sandra Attard Montalto Lindsay Walter Maria Theodorou Kleoniki Chrysanthou. 
The CLIL Guidebook.


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы

ТАБИҒИ ГАЗДЫҢ ТОТЫҒУЫНДАҒЫ ӘР ТҮРЛІ ӘДІСТЕРМЕН 
ДАЙЫНДАЛҒАН КАТАЛИЗАТОРЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ 
 
Аннагельдиев Б., Жұмабек М.
1
, Байжуманова Т.С.
1,2
, Тунгатарова С.А.
1,2 
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д., профессор Тунгатарова С.А. 
1
Д
.
В

Сокольский
 
атындағы
 
отын

катализ
 
және
 
электрохимия
 
институты
 
2
Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
t.baizhumanova@ifce.kz
Атмосферадағы парниктік газдардың концентрациясының өсуі нәтижесінде ХХI 
ғасырда адамзат баласы жаһандық Жер климатының өзгеруінің мәселесінен зардап шегуде. 
Қазірдің өзінде адамзат парниктік эффектінің кері әсерін сезінуде. Ғалымдардың зерттеуі 
бойынша қазіргі уақытта он апаттың жетеуі климатқа байланысты екені анықталған.
Бүгінгі күні табиғи және ілеспе мұнай газдарын ұтымды кәдеге жарату және оларды 
алауларда жағуды тоқтату мәселесі өзекті және шешілмеген экологиялық мәселелердің бірі 
болып табылады. Қазіргі туындап жатқан дағдарыстық және мұнай қорларының сарқылуына 
жақын болып жатқан жағдайында табиғи және ілеспе мұнай газдарын алу жолдарын мұнай 
химиясы мен органикалық синтездің құнды өнімдерінің балама көзі ретінде қарастыруға 
болады. 
Табиғи газдың негізгі құрамы 90-98% метаннан тұратындықтан мұнай мен тас көмірге 
қарағанда экологиялық таза және энергетикалық тұрғыдан тиімді отын көзі болып табылады. 
Д.В. Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия институтының тотығу 
катализ зертханасында дәстүрлі сіңдіру әдісімен және жаңа тиімділігі жоғары инновациялық 
әдістердің бірі өздігінен таралатын жоғары температуралы жану әдісімен Ni-Mg-AI-Ce 
негізіндегі катализаторлар дайындалды. Катализаторлардың белсенділігі метанның 
катализдік парциалды тотығуында сутекқұрамды отын қоспаларына айналу үрдісінде 
зерттелді. Дайындалған катализаторлар реакторлардағы катализаторлардың белгіленген 
қабаты бар зертханалық автоматтандырылған ағынды катализдік қондырғыда зерттелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет