Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет9/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
esse kychakova a.yu , 1 ОЖСӨЖ, КТЖ-8 сынып 2 сағ дұрысы (3)(1), 7 synyp fizika pnnen zerthanaly zhmystar 1421073646 83055, 70 сұрақ, 70 сұрақ, 70 сұрақ, ea9aefc2-5dec-47b9-81e0-fbcf35756848, Толағай тауының тарихын айтшы, эссе Динара (1), httpslib.nsu.ruxmluibitstreamhandlensu584Задачник Физическая20химия.pdfsequence=4&isAllowed=y
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
12 
КАТАЛИЗДІК ЖОЛМЕН ПАЙДАЛАНЫЛҒАН МОТОР МАЙЛАРЫН ӨҢДЕУ 
 
Жумагулыева Г.О. 
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д., доцент Әбілдин Т.С. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
университеті
 
abildin54@mail.ru

Мегаполис қалалар үшін қолданыста болған мотор майларын жинау және жою ең өткір 
экологиялық проблемалардың бірі болып саналады. Сол себепті, қолданыста болған әртүрлі 
маркалы мотор майларын қайта өңдеудің қолжетімді тиімді әдісін табу өте өзекті. 
Пайдаланылған мотор майларын қайта өңдеу арқылы бензин, дизель отынын және басқа да 
жағармай материалдарын өндіру экономикалық және
 
практикалық тұрғыдан өте маңызды.
Пайдаланылған майларды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың қазіргі кезде мынадай 
тәсілдері қолданылады: - жағу арқылы утилдеу (жою); - пайдаланылған майлардың 
қатысында жұмыс істейтін қондырғылар (пештер); - регенерациялау арқылы жаңа тауарлық 
майлар алу; - дизель отынын немесе пеш отынын алу мақсатында қайта өңдеу.
Пайдаланылған мотор майларын жағу арқылы утилдеу қоршаған ортанының 
ластануына апарса, регенерациялау процесі арқылы олардың бастапқы қасиеттерін толық 
қалпына келтіру мүмкін емес. Термиялық крекинг негізінен қанықпаған көмірсутектері 
молекулаларындағы С—С байланысының және төмен молекулалы парафинді және басқа 
көмірсутектердегі С—H байланысының үзілуімен тізбекті радикалды механизм арқылы 
өтеді.
Бастапқы зат - пайдаланылған мотор майының физика-химиялық қасиеттерін 
(тығыздық, тұтқырлық, тұтану температурасы) анықтауда "Anton Pare", "CAV 4.2", "ТБО-
ЛАБ-12" аппараттары қолданылды. 
Катализдік жолмен пайдаланылған майларды өңдеу ең тиімді әдіс болып табылады. 
Біздің зерттеу жұмысымызда пайдаланылған мотор майларын гидрокрекингтеу процесі 
изобарно-изотермиялық режімде жоғары қысымдық қондырғыда жүргізілді, рекция 
өнімдерін талдауда газды-сұйықтық хроматография, ИҚ-спектроскопия қолданылады. 
Қолданылатын катализаторлар табиғи кен орындарының материалдары мен өндіріс 
қалдықтарына негізделген. Эксперимент нәтижесінде қайнау температурасы 30 - 350° С 
аралықтағы фракциялар алынды.
Алынған бензин дистиллятының сапалық және сандық құрамдары ИК-
спектроскопиясымен және газды хроматография әдісімен 180℃ дейінгі температура 
аралығында қайнайтын фракцияларда көп мөлшерде изопарафинді, нафтенді және 
парафинді, ароматты көмірсутектердің болуы анықталды, таза және пайдаланылған мотор 
майларының негізгі физика-химиялық параметрлері көрсетілді. Сұйық өнімнің орташа 
шығымдылығы (СӨШ) ̴ΣСӨШ 80 мас.%. Процестің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын 
маңызды параметрлер температура, ұзақтық және қысым болып табылады. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
13 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет