Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет11/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
esse kychakova a.yu , 1 ОЖСӨЖ, КТЖ-8 сынып 2 сағ дұрысы (3)(1), 7 synyp fizika pnnen zerthanaly zhmystar 1421073646 83055, 70 сұрақ, 70 сұрақ, 70 сұрақ, ea9aefc2-5dec-47b9-81e0-fbcf35756848, Толағай тауының тарихын айтшы, эссе Динара (1), httpslib.nsu.ruxmluibitstreamhandlensu584Задачник Физическая20химия.pdfsequence=4&isAllowed=y
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
14 
ЖАНҒЫШ ТАҚТАТАСТАН АЛЫНҒАН ГУМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ ФИЗИКО-
ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ 
 
Қази М.Р., Суймбаева С.М., Джелдыбаева И.М. 
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д., профессор Қайырбеков Ж.К. 
КЕАҚ
 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
университеті
 
Мұнай өнімдері мен табиғи газға ұқсас жанғыш тақтатастарды сұйық және газды 
көмірсутектер түрінде алу, оларды стратегиялық маңызды ресурс түрінде қолдануға 
мүмкіндік береді. Сондықтан, жанғыш тақтатастардан алынған гумин қышқылы (ГҚ) 
реакцияға қабілеттілігі жоғары және белсенді ион алмастырғыш зат болып табылады, олар 
көптеген заттардың иондарымен және молекулаларымен, әртүрлі ерітінділердегі 
элементтермен берік байланыстар түзеді. Алынған ГҚ артықшылығы, олар қоректік 
заттардың сіңімділігін арттырады, яғни олардың минералды тыңайтқыштар құрамында 
болуы өнімділікті арттырады. ГҚ, өсімдіктерді шірінді болудан, вирустық және бактериялық 
аурулардан қорғайтын антибактериалдық қасиеттерге ие. 
Зерттеу нысаны ретінде Кендерлің кен орны жанғыш тақтатасы және одан бөлініп 
алынған ГҚ алынды. Тақтатастың органикалық массасына есептегенде ГҚ шығымы 9,3 % 
болды. Гидролизге дейінгі жанғыш тақтатасының ГҚ элементтік құрамы анықталынды: С-
74,45 мас.%, H-8,95 мас.%, O-14,75 мас.%, S-1,30 мас.%, N-0,45 мас.%. Гидролизден кейінгі 
жанғыш тақтатасының ГҚ элементтік құрамы мынадай: С-75,6 мас.%, H-8,65 мас.%, O-13,5 
мас.%, S-1,20 мас.%, N-0,35 мас.% болды. Осы келтірілген қасиеттерден бөлек, көміртек 
атомдары мен көміртектің, оттектің және басқа да элементтердің арасындағы байланыстың 
типі және құрылымын талқылауға әртүрлі көрсеткіштер ұсынылды. Шашыранды 
органикалық заттың концентраты (ерімейтін ОЗ) үшін ассоциациялану дәрежесі (сА) және 
тотығу дәрежесі (сО) көрсеткіштерін анықтау ұсынылды. Нәтижесінде ГҚ сА=0,59 және 
сО=-0,13 екендігі анықталынды. Сонымен қатар элементтік талдау нәтижелері зерттелген 
ГҚ-ның элементарлық ұяшықтарының минималды молекулалық массасын есептеуге 
мүмкіндік берді. Элементтік құрамды білу тақтатастағы ГҚ жану жылуын есептеуге 
мүмкіндік берді. ГҚ жану жылуы 5434 кал/г болды. Жанғыш тақтатастардағы ГҚ орта 
есеппен 20% гидролизденеді. ГҚ құрамындағы гидролизденбеген қалдық (ГҚ) мөлшері ГҚ 
құрамындағы көміртек мөлшерімен тура тәуелділікте, Н/С атомдық қатынасымен кері 
корреляциялық тәуелділікте болады. Қышқылдық гидролизден кейін тақтатастардағы ГҚ-
ның элементтік құрамы елеулі өзгеріске ұшырайды. Сонымен қатар, алынған ГҚ 
инфрақызыл спектрокопиялық талдау көмегімен зерттелінді. Нәтижесінде ГҚ спектрінде 
карбон қышқылдары мен ароматты табиғатты қосылыстарға тән жұтылу жолақтары ең 
қарқынды болып табылатындығы анықталынды. 
Зерттеу
 
жұмыс
 
АР
09057905 
гранттық
 
қаржыландыру
 
жобасы
 
шеңберінде
 
орындалды

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
15 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет