Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет62/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ТҮЙЕЖАПЫРАҚ 
(ÁRCTIUM) 
ӨСІМДІК НЕГІЗІНЕН ҚҰРҒАҚ СЫҒЫНДЫ ТҮРІНДЕ
ФИТОСУБСТАНЦИЯ АЛУ ӘДІСІН ЖАСАУ
 
 
Кайыртай С. 
Ғылыми жетекшісі: PhD, доцент м.а. Кипчакбаева А.К. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті

Saniya200110@mail.ru
 
 
Түйежапырақ
- Arcrium немесе Asteraceae тұқымдасына жататын екіжылдық 
өсімдіктер тұқымдасы. Өсімдіктер өздерінің гүлшоғырларымен жақсы танылады. 
Гүлшоғырларының шеткі жақтарында өткір ілмектері орналасқан. Осы ілмектердің 
арқасында орамалар жүнге оралған, киімге оңай жабысады. Тұқымға 20-ға жуық түр кіреді.
Түйежапырақ
бактерицидтік, қабынуға қарсы, диабетке қарсы, антимикотикалық, 
диафоретикалық, диуретикалық, қатерлі ісікке қарсы, холеретикалық әсерге ие. Ресми 
медицинада өсімдік холеретикалық, диабетке қарсы, дезинфекциялық, лактивті және жараға 
қарсы агент ретінде қолданылады. 
Жұмыс 
мақсаты: 
Түйежапырақ
(
Árctium

өсімдік 
негізінен құрғақ сығынды 
түрінде фитосубстанция алу әдісін жасау 
Зерттеу нысаны ретінде Солтүстік Қазақстан облысынан жиналған Arctium өсімдігінің 
жапырақтары алынды. Өсімдікті жинау, кептіру және ұнтақтау ҚР Мемлекеттік Фармакопея, 
1-басылым талаптарына сай жұргізілді. Сандық және сапалық анализ жасап, құрамындағы 
биологиялық белсенді заттар, флаваноидтар, макро және микро элементтер, т.б. 
құрамындағы заттарды анықтадым. Ең алдымен ылғалдылық және күлділікке талдау 
жасадым.
Түйежапырақтағы
ылғалдылық саны 4,03% , күлділігі 0,09% тең болды. Бір 
және екі жүйелі қағазды хроматография әдісін пайдаландым. Айқындауыштар ретінде 
Аммиак буы, ДзПНА /сода, ЖАК 1%-ды, FeCl
3
1%-ды, AlCl₃1%-ды, орто-толуидин және 
нингидринреагенттері сапалық реакциялар жүргізу үшін қолданылды. 
Түйежапырақ
өсімдігінен сығынды алудың тиімді жолын таңдау мақсатында мацерация және 
ультрадыбыстық экстракция әдістері қолданылды. Шикізат пен экстрагент қатынасы 
мацерация әдісі үшін 1:8, ал ультрадыбыстық экстракция үшін 1:6 және 1:8 қатынастарында 
30, 45 және 60 мин уақыттарда салыстырмалы жүргізілді. Нәтиже бойынша, 1:8 қатынасында 
60 мин ультрадыбыстық экстракциялау тиімді екені анықталды.
Өсімдік құрамынан тері илегіш заттар, аминқышқылдар және көмірсулар анықталды. 
ББЗ сандық сараптау жасалынды, сараптау нәтижесінде өсімдік құрамында: органикалық 
қышқылдар 0,3839%, тері илегіш заттар 4,16%, флавоноидтар 0,642%, көмірсулар 2,73%, 
кумариндер 0,33% екені белгілі болды. Әлі де құрам және қасиеттеріне зерттеу жұмыстары 
жалғасуда.
Өсімдік шикізаттары кешеніне сапалық және сандық талдау жасалынды. Сараптау 
нәтижелері негізінде өсімдік құрамынан фитопрепарат алудың оңтайлы жолы 
тұжырымдалды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет