Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


МАЛ ШАУРАШЫЛЫҒЫ ҚАЛДЫҚТАРЫНАН АЛЫНҒАН КЕРАТИННІҢ



Pdf көрінісі
бет125/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

МАЛ ШАУРАШЫЛЫҒЫ ҚАЛДЫҚТАРЫНАН АЛЫНҒАН КЕРАТИННІҢ 
ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫ 
 
Бердәулет М., Бутантаева
 
А., Султан М. 
Ғылыми жетекшілері: Оспанова Ж.Б., Мусабеков К.Б. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті

bolatova-meruert@mail.ru
 
 
Қазақстанның Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының 2022 жылғы деректері бойынша 
республикада жыл сайын 25-37 тонна жүн және 7,5 млн тері өндіріледі, олар орасан зор 
кератин ресурстары болып саналады. Жүннің шамамен 43% - ы өңделмейді және жоғалады, 
сонымен қатар өртеу арқылы жойылады, бұл кератин ресурстарын ысырап етіп қана 
қоймайды, сонымен қатар денсаулыққа қауіпті ауруларды тудырады және қоршаған ортаның 
ауыр экологиялық проблемаларына әкеледі. Осылайша, жануарлардан алынатын кератинді 
шикізаттың рөлін, қасиеттерін және қолданылуын зерттеу ресурстарды үнемдеуде және 
қоршаған ортаның ластануын азайтуда өзектілігін анықтайды. Табиғи шикізат ретінде 
кератинді көбіктендіргіш экологиялық таза өнім болып табылады. Зерттеу жұмысының 
мақсаты – құрамында кератин бар табиғи шикізат (жүн) негізіндегі жаңа отандық 
композициялық көбіктүзгіштерді алудың ғылыми технологиялық принциптерін дамыту.
Қой жүні кератин ақуыздарының көзі болып табылады. Кератиннің құрамы бойынша 
жүн мүйіздер мен тұяқтардан төмен (7-22 %), алайда ол жаңартылатын және қол жетімді 
табиғи шикізат және экологиялық таза өнім болып табылады. Кератин – биополимер, 
сонымен қатар ақуыз және әр түрлі өмірлік салалардағы өнімдерді жасау қажет материалдың 
көзі. Кератиннің косметика мен фармацевтикадағы құжатталған маңыздылығынан басқа
кератин шикізаты тыңайтқыш, биоотын, биоактивті пептидтер өндірісінде, медицинада
тіндік инженерияда, сондай-ақ мал азығын өндіруде қолданылады.
Зерттеу жұмысының әдістері бойынша жүннен, яғни кератин шикізатының сілтілі 
гидролизін жүргізу үшін негізгі реагент ретінде әртүрлі концентрациядағы NaOH сулы 
ерітінділері пайдаланылды. Құрамында кератин бар шикізат гидролизаты негізінде 
композициялық көбік түзгіштерге сынақтар жүргізілді. Беттік керілуді өлшеу жүргізілді, 
сонымен қатар көбіктің пайда болуы мен тұрақтылығы анықталды. Гиббс үстіртінің 
арналарында капиллярлық қысым өлшенді. Алынған кератиннің құрамына аминоқышқылды 
зерттеуі және ИҚ спектр талдауы жүргізілді. Росс-Майлс әдісіне сәйкес көбік жуғыш 
заттардың, ұнтақ, паста және басқа жуғыш заттардың көбіктену қабілетін анықтау ГОСТ 
22567.1-77 әдісі бойынша көбіктің тұрақтылығы зерттелді. Кератин композициялық 
көбіктүзгіштер ретінде кең қолданысқа ие болып табылатыны зерттелді.


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
131 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет