Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


КОСМЕТИКАЛЫҚ ЭМУЛЬСИЯЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА БЕТТІК



Pdf көрінісі
бет131/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

КОСМЕТИКАЛЫҚ ЭМУЛЬСИЯЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА БЕТТІК
АКТИВТІ ЗАТТАРДЫҢ ӘСЕРІ 
Жомарт М.Ж. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.к.. қауымд. профессор Есімова О.А.
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті

madina0911a@gmail.com
 
Косметикалық өндірістегі химиялық құбылыстардың ішінде коллоидтық үрдістердің 
алатын орны ерекше, маңызы да зор. Қазіргі кездегі коллоидтық химияның маңызды 
мәселелері – дисперстік жүйелердің тұрақтылығы болып табылады. Соның ішінде 
эмульсияның тұрақтануы мен тұрақсыздандыруы коллоидтық химияның басты мәселесі 
болып есептеледі.
Эмульсиялар – микрогетерогенді дисперсті жүйе. Эмульсияның тұрақтандыру мен 
тұрақсыздандыру мәселесі коллоидтық химияның тапсырмалар қатарында айтарлықтай 
маңызды орын алады. Бұл олардың күнделікті тұрмыста, медицинада, мұнай, косметика 
және т.б. өндірістерде кең қолданылуымен байланысты. Эмульсияларды БАЗ-дармен 
эмульсияны тұрақтандырудың практикалық маңызы да зор болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: косметикалық эмульсиялар алу және БАЗ қоспаларының 
эмульсиялардың тұрақтылығына әсерін зерттеу.
Жұмыс барысында ионды емес - Твин-80 және Cocomide DEA (диэтаноламид) БАЗ-
дарды пайдалана отырып, бірнеше май–су эмульсиялары алынды. Косметикалық 
эмульсиялардың коллоидты -химиялық қасиеттерін зерттеу мақсатында бірнеше тәжірибелер 
жүргізілді: Ребиндер
әдісімен ерітіндінің беттік керілуін, жұғу. рН-метр көмегімен рН 
көрсеткішін, коллоидтық және термодинамикалық тұрақтылықтарын анықтау. 
БАЗ-дардың тұрақтандырғыштық қасиетін анықтау үшін күнбағыс майы/су эмульсиясы 
зерттелді. Таңдалынған иондық емес Твин-80 және Cocomode DEA БАЗ-дарының әртүрлі 
концентрациялары дайындалып олардың эмульсияның өмір сүруіне әсері зерттелді. 
Эмульсияның екіге бөлінуінің кинетикалық қисықтарынан белгілі әдістеме бойынша, 
олардың өмір сүру уақыты анықталды. Зерттеу нәтижесі бойынша косметикалық 
эмульсиялардың тұрақтылығына ионды емес БАЗ-дар және олардың қоспаларының әсері 
жоғары екені анықталды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей жеке компонентерге қарағанда 
олардың комплекстері эмульсияның «өмір сүру уақытын ұзартады.
Ең жақсы көрсеткішті
яғни «өмір сүру уақыты» БАЗ-дардың 1% концентрациясы және БАЗ қоспаларының 1:1 
қатынасы көрсетті. Өмір сүру уақыты 78 минут болды. Демек, осы косметикалық 
эмульсияларды эмульгатор ретінде ұсынуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет