«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
17
БИТУМНЫҢ ЭКСПЛАУТАЦИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІН ЖАҚСАРТУ
Мұстақова А.Е.
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Смағұлова Н.Т.
Әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
универсиетті
mustakhova02@gmail.com
Мұнайдан алынатын өнімдерді, қатты көмірсутекті шикізат - көмірден де алу үшін
қалыптасқан технологияларды жетілдіріп, арзан да тиімді жергілікті табиғи материалдарды
пайдаланып, осы уақытқа дейін шешімін таба алмай келген аз қалдықты технологияны
жүзеге асырып, кешенді өңдеу бағытында жұмыстар жүргізу бүгінгі таңдағы негізгі мәселе
болып табылады.
Коксохимиялық шайырға 240°С температурада 1,5 см
3
/мин ауа ағынында 4 сағат
аралығында үздікті зертханалық қондырғыда тотықтыру процесі жүргізілді. Тотықтыру
процесі барысында алынған өнімнің физика-механикалық көрсеткіштері құрылыс мұнай
битумдарына қойылатын стандарттық талапқа сай келмегендіктен себебін анықтау
мақсатында оның химиялық топтық құрамы анықталды. Өнімнің құрамындағы шайыр 20,12
масс. %, көмірсутектер 19,00 масс.%, асфальтен 43,00 масс. %, карбен, карбоид17,88 масс.%
құрайды. Асфальтен мөлшері бастапқы шикізатпен салыстырғанда 15,84 масс.% -дан 43,00
масс. % - ға жоғарылаған. Битум құрамында асфальтен мөлшерінің жоғары болуы оның
құрылымының бұзылуына әкеледі.
Битум құрылымының бұзылу процесі барысында молекулалардың конденсирлену
дәрежесі, бүйір тізбектердің үзілуі артқан сайын дисперсті ортаның мөлшері азайып,
жоғары молекулалық бөліктің үлесінің артуы материалдың жарықтануына әкеліп
соқтырады.
Соңғы жылдары мұнай өңдеу саласындағы қоры жоғары күкірт қосылыстарын
дәстүрлі пайдалану қажеттілігінен туындаған күкіртті-битум материалдарына деген
қажеттілік артуда. Алыған өнімнің эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту мақсатында 10,
20, 30 масс. % элементарлы күкіртпен модифицирлеу жүргізілді. Күкіртті-битум қоспасы 5
г битумды металдық тигелде 120°С температурада қыздырып, қоспаны 30 минут
аралығында қарқынды араластыру арқылы алынған битум массасына сәйкес мөлшерде
элементарлы күкіртті біртіндеп қосу арқылы дайындалады.
Битумның физика-химиялық көрсеткішіне қосылған элементралы күкірт мөлшерінің
әсері зерттелді. Зерттелетін өнім құрамына қосылатын элементарлы күкірт мөлшерін 10
масс. % - дан 30 масс. % -ға арттырғанда пенетрация мәні 90 мм-ден 55 мм-ге төмендеген.
Сонымен қатар Ш және С бойынша жұмсару температурасы 45 °С -тан 59 °С - ға артты.
Жүргізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, БНД 130/200
тұтқыр жол мұнай
битумын элементарлы күкіртпен модифицирлеу арқылы сапалық көрсеткіштерін жақсартуға
болатындығы көрсетілді.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
18
Достарыңызбен бөлісу: |