«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
151
БАКТЕРИЦИДТІК ҚАСИЕТІ БАР КӨБІКТҮЗГІШТЕРДІ АЛУ
Қуаныш М.
Ғылыми жетекшісі: Оспанова Ж.Б.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
Ұлттық
Университеті
malika-23@inbox.ru
Қазіргі таңда бактерацидтік қасиет көрсететін химиялық
тауарларға сұраныс өте
жоғары. Түрлі БАЗ қоспалары арқылы бактерицидтік қасиеті бар жуғыш заттарды алуға
болады. Соған байланысты әр жуғыш заттың қасиетіне байланысты өзінің көбіктүзгіш БАЗ
қоспалары болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты – «Бактерицидтік қасиеті бар көбіктүзгіштерді алу»
тақырыбы бойынша, қолайлы БАЗ қоспаларын зерттеу.
Жұмыс коллоидты химияға қатысты қасиеттерін көрсететін 5 түрлі
әдіс арқылы
зерттелінді. «Беттік керілу», «жұғу», «көбіктүзу», «эмульсия алу», «капиллярлы қысым»
әдістері қарастырылды. Зерттеуге 3 түрлі БАЗ алынды: натрий лаурил сульфаты,
цетилпиридиний бромиді және генаполь 2584. генаполь активтілігі жағынан жоғары екендігі
анықталды. Ал натрий лаурил сульфаты жаксы көбік түзу қасиет көрсетті.
Сонымен қатар
цетилпиридиний бромиді бактерицидті БАЗ екені анық болды.
БАЗ-БАЗ қоспасын алу үшін генапольдың 0,0125г/моль концентрациясы арқылы
натрий лаурил сульфаты мен цетилпиридиний бромидін 2 есе сұйылту арқылы 6 түрлі
ерітінді алынды. Көбік түзу әдісі кезінде генаполь+ натрий лаурил сульфаты қоспасы жақсы
көбіктенді. Ал эмульсия алу барысында, екі фазаға бөліну деңгейі генаполь+ натрий лаурил
сульфаты қоспасында 4,2мл болды, ал генаполь+ цетилпиридиний
бромиді қоспасында
орташа 3,8мл деңгейін көрсетті. Және соңғы қарастырылған әдіс – капиллярлы қысым. 30
сек, 3 мин, 5 мин, 7 мин және 10 мин арлығында бақыланды. Және әр қоспаның ерітіндісі бір
қысым деңгейін ұстап тұрды.
Зерттеу қорытындысы бойынша, генаполь активті БАЗ екені анықталды. Генаполь
арқылы екі түлі БАЗ-ды сұйылту арқылы көбіктүзгіш БАЗ-БАЗ қоспалары алынды.
Генаполь+ натрий лаурил сульфаты қоспасына мыстың
нанобөлшектерін қосу арқылы
бактерицидтік қасиетке қол жеткізуге болады. Ал генаполь+ цетилпиридиний бромиді
қоспасы теория бойынша өзі де бактерицидтік қасиет көрсетеді.
Және зертханаға талдау
жасауға өткізілді. Жасалған жұмыстардың бәрі жақсы нәтиже көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: