«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
162
(DADMAAC-CO-DMAA) СОПОЛИМЕРІНІҢ КОЛЛОИДТЫҚ ХИМИЯЛЫҚ
ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Рахманова А.Б.
Ғылыми жетекшісі: Әбеу Н.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
rakhmanova.arailym01@mail.ru
Бұл зерттеу жұмысында акриламид негізіндегі сополимердің қасиеттерін зерттедік.
Соңғы жылдары акриламид негізіндегі полимер мен сополимердің шамамен 1,5
миллион тоннасы синтезделген. Оның негізгі өндіретін жерлері АҚШ, Европа, Азия елдері
болып табылады. Қасиеттеріне
байланысты олар ұнтақ, гранула, ерітінді түрінде кездеседі.
Сонымен қатар олар көпфункционалды болып табылады.
Акриламид негізіндегі сополимерлер пайдалы қазбаларды өндіру, су
тазарту,
медицина, мұнай өңдеу, құрылыс, қағаз өндіруде және ауыл шаруашылығында және т.б.
салада көп қолданысқа ие.
Сондықтан, акриламид негізіндегі сополимерлердің бір түрі
болатын DMDAAС және DMAA негізіндегі сополимердің коллоидтық химиялық қасиеттерін
зерттеу қазіргі кезде үлкен маңызға ие болып отыр.
Ол үшін біз алдымен DMDAAC және DMAA сополимерлерін синтездеп алдық, N, N-
диметил-N,N-диаламмоний хлоридінің (DMDAAC) N,N-диметилакриламидпен (DMAA)
сополимерленуі инициатор ретінде аммоний персульфатының ([NH
4
]
2
S
2
O
8
) көмегімен
дилатометрлік әдіспен алынды. Әрі қарай олардың коллоидтық
химиялық қасиеттерін
зерттедік және де зерттеу нәтижесі төмендегідей болды:
i.
сополимердің беттік керілуі сталагмометр және тензометр көмегімен анықталды.
Нәтижесінде беттік керілудің шекті мәніне төмен концентрациялы сополимер жететінін
білдік. Өйткені ерітіндідегі полимер мөлшері ұлғайған
кезде ерітіндідегі полимер
молекуласының сигменттерін абсорбциялау үшін көп уақыт кетеді.
ii.
Вискозиметр 0,73-тің көмегімен полимер ерітінділердің тұтқырлығы 1 %, 0,5 %,
0,25%, 0,50 %, 0,250 %, 0,125 %, 0,625 % массалық концентрациялары анықталады,
нәтижесінде алынған сополимер үшін тұтқырлықтың мәні 2,1-ге тең болды.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
163
Достарыңызбен бөлісу: