Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет308/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ХИМИЯ САБАҒЫНДА
«ZIPGRADE» МОБИЛЬДІК
БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ ТЕСТЕРДІ ТИІМДІ ТЕКСЕРУ 
 
Әбуова Д.Ш. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.к., профессор Мұсабаева Б.Х.
Астана
 
Халықаралық
 
Университеті
 
dana.abu.14@mail.ru 
Білім беру барысында заманауи оқытудың техникалық құралдарының бірі-заманауи 
мобильдік қосымшалар болып табылады.
Солардың бірі – тест тапсырмаларын жылдам тексеруге арналған «ZipGrade»
 
мобильді қосымшасы. Тест тапсырмасын қолмен тексеру процесі көп уақыт пен энергия 
қажет етеді. Қазіргі технология дамыған заманда осындай инновациялық бағдарламаларды 
пайдалану - қазіргі педагогтар үшін өте үлкен мүмкіндік. Шетелдегі көптеген профессорлар 
мен педагогтар тест жауаптарын еш қиындықсыз аз уақытта анықтау үшін үшін «Scantron» 
бағдарламасын пайдаланады. Алайда біздің елде бұл мобильді қосымшалардың бағасы өте 
жоғары және көптеген мектеп оларға қол жеткізе алмайды. Ал «ZipGrade»
 
мобильді 
қосымшасы Қазақстанда қолжетімді және тегін. Бағдарлама оқушылардың жауаптарын 
сканерлеп, тест нәтижесін жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Оқушылар берілген 
жауаптардың бірін таңдайды, оны алдын-ала шығарылған жауап парағындағы пішінге 
енгізеді және жауаптар телефон арқылы сканерленеді. Қосымша ұялы телефонға тегін 
жүктеледі. 
Жауап бланкілері оқушыларға өз жауаптарын белгілеп, дөңгелектерді бояу үшін 
басып шығарылады және таратылады. Парақтарды басып шығарған кезде, сканерлеуге 
арналған арнайы белгілер мен кодтардың ақауларсыз шығарылғанына, көрінетініне көз 
жеткізу қажет. Әйтпесе, кейіннен ақаулы бланкілерді қолмен тексеруге тура келеді. Көп 
жауапты тест тапсырмалары үшін де дайын тест тапсырмалары ZipGrade бланкілерімен 
жұмыс істеу үшін өте қолайлы және тапсырмаларды қосымша өңдеу қажет емес. Жауап 
парағына қосымша жазбалар жазуға болмайды. Қарапайым қарындашпен толтырған жөн, 
оқушы асығып қате белгілеген нұсқаны өшіріп, дұрыс нұсқаны бояйды. Дұрыс жауаптар 
жасыл түсті, дұрыс емес жауаптар қызыл түсті болады, ал сары түс белгі дұрыс болуы керек 
жауап орнын көрсетеді. Стандартты жауап бланкісінде әр жауап үшін бес жауап бар. 
Ұлы педагог К.Д.Ушинский "Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана 
мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанымен оның мұғалімдігі де жойылады" деп атап 
өткеніндей ұстаздардың жұмысы өзгерісті, әрдайым ізденісті талап етеді. 
Сондықтан сабақта 
нәтижелі көрсеткіштеріне жету үшін, уақытымыз бен энергиямызды үнемдеу үшін осындай 
қолжетімді, инновациялық, заманауи бағдарламаларды пайдалану қажет. Осындай 
қарқынмен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына жүктелетін 
бірден-бір міндет. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
318 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет