Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


КАТИОНДАРДЫ АНЫҚТАУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕРІ БОЙЫНША



Pdf көрінісі
бет334/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

КАТИОНДАРДЫ АНЫҚТАУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕРІ БОЙЫНША 
ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАНЫ ӘЗІРЛЕУ 
 
Сардан Б.М., Жамбыл А.Д. 
Ғылыми жетекші: Х. ғ. к. доцент Кудреева Л.К. 
Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
balausa2001bbb@gmail.com

 
Химия - тәжірибеге бағдарланған пәндердің бірі. Дегенменде, көптеген білім беру 
орындарында зертханалық тәжірибелерді жасауға мүмкіндік өте аз. Осы секілді мәселелердің 
шешімі - жаңа технологияларды пайдалану, яғни виртуалды зертханалар арқылы 
тәжірибелерді жасату. Белгілі тақырып бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілген кезде 
виртуалды зертханалар шет тілдеріндегі сайттарда кездесті, бірақ аз. Ал, қазақ тілінде тіпті 
жоқ,бар болғанның өзінде толық емес немесе ақылы түрде және олардың көбісі 
демонстрациялық түрде көрсетілген. Орта мектептердің көбісінде зертханалық сыныптардың 
жоқтығынан, бар болғанның өзінде ондағы құрал – жабдықтар мен химиялық реагенттердің 
жетіспеушілігінен зертханалық сабақтардың дұрыс өткізілмейтіні белгілі. Сол себептен 
қазіргі таңда пайдалануға қолайлы виртуалды зертхана жасау маңызды. Виртуалды 
зертханаларды пайдаланудың өзектілігі мұндай жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу үшін 
күрделі құрал-жабдықтармен жұмыс жасаудың және зертханалық жұмыстардың реагенттерін 
сақтайтын сөрелердің қажеті жоқ болуында. Мұндағы виртуалды зертханалық жұмыстардың 
педагогикалық мәні оқушылардың тәжірибе нәтижесін талдау мен оның қорытындысын 
шығаруды өз бетімен орындауында. 
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалылығы 9 сыныпта химияны оқытуда білім беру 
бағдарламасындағы виртуалды зертхана жасалмаған тақырыптарға оқу-танымдық виртуалды
зертхана ұсыну. Зерттеу барысында бірінші аналитикалық топтың Li
+
, К
+
, Na
+
және 
NH
4
+
сияқты катиондарына сапалық зертханалық жүмыс жасадық. Оны жүзеге асыру үшін 
виртуалды 
зертхана 
сайтындағы 
жаңа 
зертханалық 
жұмыс 
және 
жұмыс 
сипаттамасы,тапсырма,зертханалық жұмыс тапсырмалары бар файлдарды жүктедік. 
Виртуалды зертхананың құрамына GIF анимациялары мен интерактивті FLASH 
анимациялары кіреді. Зертханалық жұмыстың авторлық стилі CSS стандартына сәйкес. 
Виртуалды зертхананың интерактивтілік деңгейін арттыру үшін JavaScript тілінде жазылған 
сценарийлерді пайдаланылды. Оқушылардың демонстрациялық тәжірибелерге қарағанда
виртуалды зертхананы пайдалана отырып тәжірибені өздері жасауы сабақ мазмұнын 
неғұрлым тез игеруге және терең түсінуге ықпал етеді.
Қорытындылай келе, зерттеу жұмысы нәтижесінде орта мектептердегі 9 – сыныптағы 
химиялық тәжірибелер бойынша қазақ тілінде виртуалды зертхана ұсынылады. Әзірленген 
виртуалды зертхананы оқушылар мен химия пәні мұғалімдері кеңінен, шектеусіз пайдалана 
алады. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
344 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет