Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


БИОДИЗЕЛЬ АЛУ ҮШІН ӨСІМДІК МАЙЛАРЫН АҒАРТҚЫШ САЗ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет15/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

БИОДИЗЕЛЬ АЛУ ҮШІН ӨСІМДІК МАЙЛАРЫН АҒАРТҚЫШ САЗ ЖӘНЕ 
КАТАЛИЗАТОР ҚАЛДЫҚТАРЫНАН ШЫҒАРЫП АЛУ 
 
Мұса Нұр-Сұлтан 
Ғылыми жетекші: PhD Тоштай Қ. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
nursultanmolzhanuly@gmail.com

 
Дүние жүзінде тұтынылатын барлық энергияның негізгі бөлігі су, электр және атом 
энергиясын қоспағанда, мұнай, көмір және табиғи газдан келеді. Дегенмен, бұл көздер 
шектеулі және келесі ғасырдың аяғында таусылуы мүмкін, сондықтан баламалы энергия 
көздерін іздеу өте маңызды. Сондықтан, өсімдік майларынан биодизельді (май қышқылының 
метил эфирлері) өндіру - биомассадан сұйық жанармай алудың альтернативті тәсілі болып 
табылады. Мұнай бағасының өсуіне және процестің экологиялық артықшылықтарына 
байланысты коммерциялық маңыздылығы мен өзектілігі тез өсуде. Коммерциялық түрде 
биодизель өсімдік майларынан, сондай-ақ қалдық аспаздық майлар мен жануарлар 
майларынан өндіріледі. Бұл майлар әдетте C14-C20 май қышқылының триглицеридтерінен 
тұрады. Дизельдік қозғалтқыштарда қолдануға жарамды жанармай алу үшін бұл 
триглицеридтер әдетте қысқа тізбекті спиртпен, әдетте метанолмен сілтілік катализденген 
трансэтерификация арқылы сәйкес моноалкил эфирлеріне айналады. Яғни, өсімдік майлары 
энергия балансы арқылы жаңартылатын энергия көзі екені осыдан белгілі болады. 
Сондықтан, ғылыми-тәжірибелік, мемлекет экономикасының кезек күттірмейтін мәселесі 
болып табылатын қоршаған ортаға зиянды емес биодизель өндіріп, пайдалану өте маңызды. 
Және де осы саланың маңыздылығы мен жеткіліксіз дамуы осы зерттеуге негіз болды. 
Ағартқыш саздан бөлінген өсімдік май қалдықтарынан алынатын өндіріс цикліне жаңа, 
табиғи, арзан жергілікті жанармай түрі биодизельді енгізу өзекті болып табылады. 
Жұмыстың практикалық маңыздылығы - зертханалық жағдайда өсімдік май және 
ағартқыш май қалдықтарынан сілтілік катализаторлар қатысында трансэтерефикация 
процессі арқылы қажетті биодизель өндіру. Және де биодизель сапасының көрсеткіштерін 
арттыруды қарастыру. Соның ішінде негізгілері ретінде, суыққа төзімділігін арттыру, 
цетандық санын көтеру және тотығуға төзімділігін арттыру. Нәтижесінде, алынған қажетті 
биодизельді өндіріске қолайлылығын бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет