«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
5
ТАБИҒИ ГАЗДЫҢ ТОТЫҒУЫНДАҒЫ ӘР ТҮРЛІ ӘДІСТЕРМЕН
ДАЙЫНДАЛҒАН КАТАЛИЗАТОРЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ
Аннагельдиев Б., Жұмабек М.
1
, Байжуманова Т.С.
1,2
, Тунгатарова С.А.
1,2
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д., профессор Тунгатарова С.А.
1
Д
.
В
.
Сокольский
атындағы
отын
,
катализ
және
электрохимия
институты
2
Әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
t.baizhumanova@ifce.kz
Атмосферадағы парниктік газдардың концентрациясының
өсуі нәтижесінде ХХI
ғасырда адамзат баласы жаһандық Жер климатының өзгеруінің мәселесінен зардап шегуде.
Қазірдің өзінде адамзат парниктік эффектінің кері әсерін сезінуде.
Ғалымдардың зерттеуі
бойынша қазіргі уақытта он апаттың жетеуі климатқа байланысты екені анықталған.
Бүгінгі күні табиғи және ілеспе мұнай газдарын ұтымды
кәдеге жарату және оларды
алауларда жағуды тоқтату мәселесі өзекті және шешілмеген экологиялық мәселелердің бірі
болып табылады. Қазіргі туындап жатқан дағдарыстық және мұнай қорларының сарқылуына
жақын болып жатқан жағдайында табиғи және ілеспе мұнай газдарын алу жолдарын мұнай
химиясы мен органикалық синтездің құнды өнімдерінің балама
көзі ретінде қарастыруға
болады.
Табиғи газдың негізгі құрамы 90-98% метаннан тұратындықтан мұнай мен тас көмірге
қарағанда экологиялық таза және энергетикалық тұрғыдан тиімді отын көзі болып табылады.
Д.В.
Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия
институтының тотығу
катализ зертханасында дәстүрлі сіңдіру әдісімен және жаңа тиімділігі жоғары инновациялық
әдістердің бірі өздігінен таралатын жоғары температуралы
жану әдісімен Ni-Mg-AI-Ce
негізіндегі катализаторлар дайындалды. Катализаторлардың
белсенділігі метанның
катализдік парциалды тотығуында сутекқұрамды отын қоспаларына айналу үрдісінде
зерттелді. Дайындалған катализаторлар реакторлардағы катализаторлардың
белгіленген
қабаты бар зертханалық автоматтандырылған ағынды катализдік қондырғыда зерттелді.
Достарыңызбен бөлісу: