«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
7
МОДЕЛЬДІК ҚОСПАЛАРДЫ ГИДРОАРОМАТСЫЗДАНДЫРУ ҮДЕРІСІНЕ
МЕЗОКЕУЕКТІ АЛЮМОСИЛИКАТТАР НЕГІЗІНДЕ БИФУНКЦИОНАЛДЫ
КАТАЛИЗАТОРЛАР СИНТЕЗДЕУ
Байдулла Д.Р., Абдрасилова А.К.
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., аға оқытушы – Василина Г.К.
Әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
Ұлттық
Университеті
daniyalbaidulla@gmail.com
Қазіргі уақытта энергетикалық және экологиялық проблемаларды жеңу үшін жаңа
перспективалы каталитикалық жүйелер зерттелуде. Жанармай өнеркәсібінде дизельдік
отынның ароматты қосылыстардың жоғары құрамы жағымсыз, өйткені ол отын сапасын
төмендетеді және пайдаланылған газдардағы зиянды шығарындыларға ықпал етеді.
Ароматты заттардың құрамын азайту мүмкіндіктерінің бірі оларды циклоалкандарға
айналдыру болып табылады. Бұл цетан санының артуына алып келеді және жанармайдың
сапасын жақсартады. Ароматты көмірсутектерді гидрлеуге арналған отырғызылған никель
катализаторлары арзандығы мен қолжетімділігінің арқасында дамыды.
Бифункционалды
катализаторлардың
тасымалдағыштары
ретінде
реттелген
мезокеуекті алюмосиликаттар мен активтелген бентониттің композиті қолданылды.
Мезокеуекті алюмосиликаттар темплат әдісімен синтезделді, ал бентонит күкірт
қышқылының 20% ерітіндісімен өңделді. Темплат ретінде гексадециламин қолданылды.
Композиттегі мезокеуекті алюмосиликат пен активтелген бентониттің қатынасы 35/65
(масс.%) құрайды. Алынған композит никельмен промотирленді. Дайындалған үлгілер XRD,
FTIR, SEM және Раман спектроскопия әдістерінің көмегімен зерттелді. Алюмосиликатта
және оның негізіндегі катализаторларда мезокеуекті және реттелген құрылымның болуы
XRD және SEM деректерімен расталды және олардың құрылымдық қасиеттері ИҚ-Фурье
және Раман спектроскопия әдістерімен анықталды.
Синтезделген, промотирленген мезокеуекті алюмосиликат пен бентонит негізіндегі
катализаторлардың белсенділігі модельдік қоспаларды (н-гексадекан-метилнафталин)
конверсиялау кезінде зерттелді. Бифункционалды композиттердің каталитикалық
қасиеттерін зерттеу үшін тұрақты ағынды реактор пайдаланылды. Реактор үшін келесі
шарттар қолданылды: температура 240-360°C, шикізатты беру жылдамдығы 0,5-тен 2 сағ
-1
.
Достарыңызбен бөлісу: