Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет268/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
276 
РЕНИЙ НЕГІЗІНДЕГІ ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ СЕНСОРМЕН БИСФЕНОЛ А 
АНЫҚТАУҒА ҚОЛДАНУ 
 
Жақсылық Ә.Қ., Қалыева А.Р., Убай Р.Б. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.к., доцент Кудреева Л.К. 
Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
университеті
 
assel00031@gmail.com 
 
Бисфенол А (4,4-(пропан-2, 2-диил) дифенол) – екі гидроксифенил тобы бар, 
синтетикалық полимерлер мен термоқағаздар өндірісінде қолданылатын қосылыс. 
Ксеноэстроген болып табылатын BPA пластик контейнерлерде, ойыншықтарда, 
медициналық қондырғыларда және бөтелкелерде кездеседі. 
BPA тірі ағзаларда гено- және цитотоксикалық, мутагендік және канцерогендік 
өзгерістерге, сонымен қатар, семіздік, қант диабеті және жүрек ауруларына алып келеді. 
АҚШ қоршаған ортаны қорғау агенттігі (EPA) бекіткен бисфенолдың адам ағзасындағы 
ШРК көрсеткіші – 40 мкг/л. 
Перренат ионының әртүрлі ортада электротұндыру процестерін зерттеу және бисфенол 
А құрамын көп ретті қолданылатын рений оксидіне негізделген электрохимиялық сенсорды 
жасау мақсатында зерттеу жұмысы жасалды.
Эксперимент кезінде Metrohm Autolab "PGSTAT 101" вольтамметриялық құралы 
қолданылады. Электро тұндырудың әртүрлі кезеңдеріндегі рений электродтарының 
электрохимиялық қасиеттерін зерттеу және бисфенол А құрамын анықтау циклдік 
вольтамметрия әдісіне негізделген. 
Электролит ретінде 0,125 M NH
4
ReO

+ 0,01 M NaOH ионсыздандырылған судағы 
ерітінді қолданылды. Шыны көміртекті электрод пайдаланылды. Оның бетіне 1,5 сағат және 
2 сағат ішінде электротұндыру процесі оңтайландырылған. Перранат ионының 
тотықсыздану процесін XRD анализінен ReO
2
түзілуі арқылы анықтаған. SEM анализ 
арқылы GC (1), GC-ReO
2
(2) және rGO/ReO
2
/GC(3) электродтарының беттік құрылымын 
салыстыра отырып зерттеген (1 – 0,66122 г; 2 – 0,66184 г; 3 – 0,66190 г).
BPA-ның электрохимиялық қасиеттерін ЦВ әдісі арқылы тотығу-тотықсыздану 
шыңдарын алған. rGO/ReO
2
/GC -0,5 В катодтық токты және 1,5 В кезінде анодтық токты 
көрсетеді. 0,6В кезінде 10 циклде rGO/ReO
2
/GC интенсивтілігі GC, GC-ReO
2
-ге қарағанда 
жоғары болды.
1-15, 15-16, 16-20, 20 циклде қайталанымдылығын (көп рет қай) ЦВ арқылы Бисфенол 
А анықталған.
Қорытындылай келе, рений оксиді негізіндегі сенсор электрохимиялық активтілігін 
көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет