Негізгі жабдықтау бұйымдарына:
- биологиялық препараттар,
- дәрі дәрмектер,
- залалсыздандырғыш заттар,
- лабораториялық жабдықтар мен реактивтер,
- түрлі аспаптар,
- таңғыш заттар,
- арнайы киімдер және т.б. жатады.
Қазақстан бойынша ветеринарияда қолданылатын тауарлар өндіруші кәсіпорындар бұрыннан салынбаған. Қазір шприцтер, дәрі дәрмек өндіруші және т.б. ветеринариялық, медициналық өнімдер шығаратын кәсіпорындар ашылуда. Бірақ, негізгі мұқтаждықты өтеу үшін осы кәсіпорындардың өнімдері жеткіліксіз болғандықтан, көпшілік тауарлар алыс жақын шетелдерден сатып алынады.
Ветеринариялық қызметті ғылым тарапынан қамтамасыз ету үшін жалпы бағытта білімі және мамандығы бар ветеринариялық медицина дәрігерлерін ҚазҰАУ, Астана аграрлық университеті, Семей университеті, Батыс Қазақстан агроуниверситеті және Қостанай ауылшаруашылық университеті дайындайды. Ветеринариялық фельдшерлерді даярлайтын арнаулы орта оқу орындарына; Тараз, Талдықорған, Қапланбек, Қарқаралы зооветеринариялық колледждері, Орал, Новопокров, Қызылорда, Қостанай аграрлық колледждері және т.б. заман талабына сай қайта жабдықталуда.
Достарыңызбен бөлісу: |