Мемлекеттік ветеринарлық жүйенің қалған үш топтағы мекемелері белгілі бір салада жұмыс істейтіндіктен арнайы бағытта мамандандырылған мекемелер деп саналады. Диагностикалық мекемелер ауруларды анықтайды, эпизоотиялармен күресуші жасақтар мен экспедициялар жұқпалы аурулардан сақтандыру және сауқтыру шараларын жүргізеді. Ветеринарлық-санитарлық мекемелер өз бағытындағы шараларды және ветеринарлық бақылау жұмыстарын атқарады.

Аталған мекемелердің заңды болмысы үкімет және мемлекеттік ветеринария органдары бекіткен арнаулы типтік ережелеріарқылы анықталады. Бұл құжаттарда мекемелердің, мамандардың атқаратын міндеттері, құқықтары, штат кестелері, мекемелерді ашу немесе тарау, қайта құру, басшыларын тағайындау-босату және т.б. мәселелер қаралады. Құжаттар ветеринарлық нормативтік-құқықтық жинақта жарияланады.
Аудандық, қалалық ветеринарлық мекемелердің тұрақты штат кестесі болады, онда қабылданатын мамандар мен жұмыскерлер саны нақты белгіленген. Облыстық, республикалық мекемелер үшін мұндай тұрақты штат кестесі жоқ.
Олардағы басқарушы орган мен қаржы бөлуші органның келісуімен шешіледі. Қызметкерлердің санын анықтағанда мекемегеқойылатын талаптарды, жұмыс көлемі мен сипатын, қамтылатын мал басын, шаруашылықтар мен елді мекендер, аудандардың саныңжәне т.б. шарттарды ескереді.