Елімізде жекеменшік кәсіпкерлік ветеринария нарыққа өтпелі кезеңде заман талабы бойынша туындады.
Ветеринариялық қызметтің бұл түріне жекеменшік әдісімен қызмет етуші дәрігерлер,
- ветфельдшерлер,
- препараттар мен мүліктер өндіруші шағын кәсіпорындар,
- кооперативтер,
- серіктестіктер,
- бірлестіктер,
- лабораториялар және т.б. жатады
Ветеринариялық қызмет өз міндетін атқару үшін қажетті керек жарақпен қамтамасыз етуді, яғни жабдықтауды талап етеді. Бұл ауыл шаруашылығы Министрлігінің негізгі қызметтерінің бірі болып саналады. Ветеринарияны жабдықтауды ұйымдастыру, басқару және бақылау үшін арнайы орган және мекемелер жүйесі құрылған, оны «қаззооветжабдықтау» деп атайды.
Жабдықтау көлемі аудандарда, облыстарда және бүкіл республика бойынша жоспарланған ветеринариялық шаралар көлеміне байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |