Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ)


Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы CОӨЖ Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары - 2с



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі18,62 Kb.
#82342
1   2
Байланысты:
4 СӨОЖ тар

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы CОӨЖ Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары - 2с.
1. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны туралы графикалық сызба дайындаңыз
“Кіші Қазан” ұғымын ойдан шығара отырып, іске асырған Голощекин. Ол — саяси-теориялық білімі аса төмен, ең бастысы Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерінен хабары жоқ адам-тын. 1925 жылы басшы болып келгеннен бастап, оның тар өрісті солақай саясатының арқасында Қазақстан халықтары бұрын-соңды болмаған көптеген ауыртпалықтарды бастан кешірді. Соның алғашқыларының бірі — “Кіші Қазан” науқаны болды. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп байбалам салды. Голощекин мен оның төңірегіндегілер жергілікті әлеуметтік-экономикалық дамудың ерекшелігін түсінбегендіктен, қазақтарда әлі де рулық құрылыс өктемдік етуде, байлар жойылмаған, тіпті капиталистік қатынастар өмір сүруде деп көрсете отырып, оларды жою қажет деп жариялады. Голощекин түсінбеген, немесе түсінгісі келмеген мәселесі мынау еді. Қазақтардың негізгі байлығы мал болып есептелетін. Көшпелі мал шаруашылығының негізгі талабы жайылымдықтарға ие болу еді. Малы жоқтарға жайылым да қажет емес, керісінше, малы барларға ғана жайылым керек болды. Сондықтан да байлар рулық меншік деп есептелетін жайылымдар мен шабындықтардың иесі болатын. Малдан айырылса оларға да жер көп қажет болмай қалатын. Мұны түсінуге өресі жетпеген Голощекин мен оның жандайшаптары қазақ байларына қарсы күресті малды бөліп беруден емес, жерді қайта бөлуден бастады. Бұл қате науқан 1926 ж. 20 мамырда қабылданған “Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы” заңы негізінде басталды.
2.Тақырып бойынша он сұрақтан сөзжұмбақ дайындаңыз
1) «Кіші Қазан» бағыты?
2)Т.Рысқұлов Сталинге қай жылы хат жазды?
3)Мәскеуде 1927 жылғы оқиға?
4)Смағұл Садуақасов Голощекинге қарсылығын білдірген ұсынған 2 бағыты?
5) «Кіші Қазан» саясатының нәтижесі?
6) 1928 жылы не болды?
7) Халықты қорғап жақтаған зиялыларға қандай күнә тағылып,қандай жаза тартқан?
8) 1925 жылы не болды?
9) Мешіт имандарына жабылған күнә?
10)Голощекин қай жылдары өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болды?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет