Студенттерге арналған пән силлабусы 2012-2013 оқу жылы



бет5/44
Дата15.12.2021
өлшемі325 Kb.
#101478
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
30851425078 117 адист сил
30851425078 117 адист сил
4. Постреквизиттер тізімі



Пәндердің атауы

1

Жалпы тіл білімі

2

Қазақ тілінің стилистикасы

3

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

4

Әлеуметтік лингвистика

5

Қазақ әдеби тілінің тарихы


5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар



Пән тақырыптарының аталуы

апта

Сабақ түрі бойынша дәрісханалық сағат саны

Сабақ түрі бойынша дәрісханалық емес сағат саны

Бар-лы-ғы

(сағ)


Дәріс (сағ.)

Пр/сем./зертх.
студ саб (сағ.)

БОӨЖ

БӨЖ

1

Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы

1

2

1,5

1,5

5

10

2

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық негізі

2

2

1,5

1,5

5

10

3

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары

3

2

1,5

1,5

5

10

4

«Қазақ тілі» пәні арқылы меңгертілетін құзіреттіліктер

4

2

1,5

1,5

5

10

5

Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі

5

2

1,5

1,5

5

10

6

Білім беру технологиялары

6

2

1,5

1,5

5

10

7

Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері, оқу-әдістемелік кешені

7

2

1,5

1,5

5

10

8

Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі

8

2

1,5

1,5

5

10

9

Қазақ тілі лексикологиясын оқыту әдістемесі

9

2

1,5

1,5

5

10

10

Сөзжасамды оқыту әдістемесі

10

2

1,5

1,5

5

10

11

Грамматиканы (морфология, синтаксис) оқыту әдістемесі

11

2

1

2

5

10

12

Мәтінді оқыту әдістемесі

12

2

1

2

5

10

13

Тіл дамыту әдістемесі

13

2

1

2

5

10

14

Сөз мәдениетін оқыту әдістемесі

14

2

1

2

5

10

15

Шешендік өнерді оқыту әдістемесі

15

2

1

2

5

10


6. Дәріс сабақтарының мазмұны

1-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы

Дәрістің мақсаты:

Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысанымен таныстыру. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздері, қалыптасу және даму жолдарын баяндау



Сұрақтар:

1 Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні.

2 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздері.

3 Қалыптасу және даму жолдары.

4 Қазақ тілі – мектепте оқылатын негізгі пән.

5 Әдістеме саласының зерттелуі


Қазақ тілі әдістемесі - тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым. Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары

1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны не?.

2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздері қандай?

3. Қалыптасу және даму жолдары туралы айтыңыз

4. Қазақ тілі пәнінің мектепте алатын орны қандай?

5. Әдістеме саласын зерттеген ғалымдар кімдер?



Әдебиет: [1,2,3,20,21,38.]
2-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық негізі

Дәрістің мақсаты: Әдістеме – қоғамдық ғылым. Әдістеменің психологиямен байланысымен, «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің» лингвистикалық, педагогикалық, әлеуметтік, когнитивтік негізімен таныстыру.

Сұрақтар:

  1. Әдістеме – қоғамдық ғылым.

  2. Әдістеменің психологиямен байланысы.

  3. «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің» лингвистикалық, педагогикалық, әлеуметтік, когнитивтік негізі.

  4. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тіл білімдік негізі

  5. Қазақ тілін оқытудың психологиялық негізі

  6. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негізі

Қазақ тілін оқытудың психологиялық негізі

Тілді үйренуде оқушының қабылдау процесінің қызметі ерекше. Психологтар қабылдаудың төмендегі түрлерін белгілейді: көру, сезу, есту. Тілді үйренуде есту және сөйлеуді қабылдаудың орны бөлек. Өйткені тіл үйренуде оқушылар алдымен ауызекі сөйлесуге үйренеді. Онда дыбыстарды, сөздерді есту, сөйлеуді қабылдау арқылы үйренеді.

Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негізі

Қазақ тілін орыс мектебінде оқыту әдістемесі жалпы дидактиканың принциптеріне сүйене отырып, Тілді оқыту әдістері мен тәсілдерін, амалдарын белгілейді, қазақ тілі сабағының негізін салады.

Дидактика - педагогика ғылымының білім беру және оны оқыту теориясын қарастыратын саласы. Ол білімнің мазмұнын, ғылыми негізін, оқыту әдістерін зерттейді. Нені оқыту керек, қалай оқыту қажет деген сұрақтарды шешіп отырады. Осы мәселелер женінде өзінің ұстанымдарын белгілейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет