2. Пәннің қысқаша мазмұны: Дене мәдениетінің әдістемесі пәні жоғарғы білімді мамандарын даярлайтын оқу пәндерінің ішіндегі қажетті, негізгі пән. Бұл пәнді оқу барысында студенттер дене тәрбиесі және спорттық жаттықтыру сабақтарын ұйымдастыруға қажет дене тәрбиесі амалдарын, әдістерін, қағидаларын, дене қуаты қасиеттерін, оны дамыту жолдары туралы теориялық мәліметтер алады, жоспарлау технологиясын, сабақтарды талдауды үйренеді, сабақтар жүргізу іскеліктері мен дағдыларына қалыптасады.
Силлабусте сонымен қатар негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, дәрістер, іс-тәжірибелік жұмыстар, СӨЖ және СОӨЖ шегіндегі сабақтар жоспары, реферат жұмыстары, емтихан сұрақтары берілген.