Студенттерге арналған пән силлабусы Пән туралы ақпарат


Дене қуатының реабилитациясы –



бет7/36
Дата07.02.2022
өлшемі111,46 Kb.
#90498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
Байланысты:
1578723812093 силлабус дене мәдениеті

Дене қуатының реабилитациясы – адам организмінің жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедурлары арқылы емдеу, қалпына келтіру.
Дене қуатын жетілдіру – адамның дене қуаты қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғары деңгейге жеткізу.
Дене қуаты білімі – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.
Шынықтыру – дене шынықтыру, адам денесін су, ауа, күн процедуралары арқылы, дене жаттығуларын орындау арқылы шынықтыру


Дәріс 1: «Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәні – оқу және ғылыми пән».
Дәрістің мақсаты: студенттерге дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәнінің мазмұны мен құрылысы, негізгі ұғымдар туралы теориялық мәліметтер беру.
Тақырыптың сұрақтары:

  1. ДМжСТмӘ пәнінің мазмұны мен құрылысы.

  2. ДМжСТмӘ-нің негізгі ұғымдары.

Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Бұл пән - дене тәрбиесі маманының кәсіптік білімінің деңгейін көрсететін негізгі пән. Ғылымдық және тәжірибелік мәліметтерді жинақтай отырып бұл ілім адамның дене тәрбиесі үрдісін басқару заңдылықтарын белгілейді, мамандарға дене тәрбиесі мен спорт саласында керекті білім береді.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәні үш бөлімнен тұрады:
1. Дене тәрбиесі теориясының жалпы негіздері – дене тәрбиесі мен спорт жүйесіндегі дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің алатын орнын зерттейді. Дене тәрбиесінде жиі кездесетін терминдерге, ұғымдарға теориялық түсініктер береді. Қазақстан дене тәрбиесі жүйесіне, дене тәрбиесі амалдарына, әдістеріне, дене қуаты қасиеттеріне, қағидаларына, қозғалысқа үйретуге т. б дене тәрбиесінде кездесетін әртүрлі мәселелерге терең ғылыми теориялық түсінік береді, олардың заңдылықтарын анықтайды, дене тәрбиесі тәжірибесінде қалай пайдалану керек екенін оқытады.
2. Дене тәрбиесінің әдістемесі - әртүрлі жастағы адамдардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілейді, талқылайды. Жүргізілетін сабақтардың мазмұнын, құрылымын, түрлерін, жоспарлауды, ұйымдастыру әдістерін, әдістемелерін оқытады. Педагогикалық талдау, сабақ тығыздығын анықтау, жүктемені мөлшерлеу жолдарын үйретеді.
3. Спорт теориясы мен әдістемесі - жаттықтыру өткізу әдістемесін, кезеңдерін, әртүрлі ерекшеліктерді оқытады. Балалармен, жасөспірімдермен, ересек жастағы спортшылармен жаттықтыру сабақтарын жоспарлау, жүктеме беру, әртүрлі амалдарды, әдістерді, қағидаларды, әдістемелерді қолдану секілді спорттық жаттықтыруға, спортшылар дайындығына, оларды жоғарғы көрсеткішке жеткізу жолына бағытталған жұмыстарды жүргізуді үйретеді.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәнін оқу барысында біз мынандай ұғымдарды танып, түсіне білеміз: «Дене тәрбиесі», «Спорт», «Дене қуатының реабилитациясы», «Дене қуатының рекреациясы», «Дене қуаты дайындығы», «Дене қуатының жетілуі», «Дене қуаты білімі», «Дене дамуы».
Өзін-өзі бағалауға тапсырма:

        1. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері пәні, оның маңызы.

        2. Дене мәдениеті, оның бөлімдері.

        3. Дене мәдениетінің қызметтері.

        4. «Дене тәрбиесі», «дене қуаты дайындығы » дегеніміз не?

        5. «Спорт» дегеніміз не ? Ол қандай бөлімдерге бөлінеді?

        6. «Дене дамуы », «Дене қуатын жетілдіру» деген ұғымдарға жауап беріңіз

Әдебиет: негізгі [1-7]
қосымша [1,6]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет