Байланысты: 1578214828573 силлабус совер в борьбе казахским языком
Тақырып 3. Күресшылардың тактикалық дайындығына үйрету әдістемесі Тактикалық даярлық амалдары- палуан шабуылдау немесе қарсы шабуылдау жасау үшін қолайлы жағдай жасайтын әрекеттері.
Барлау- палуаннның қарсыласы жөнінде мәліметтер алуына көмектесетін такктикалық әрекеттері.
Бүркемелеу— палуанның қарсыласынан шын ойын жасыру үшін жасайтын тактикалық әрекеттері.
Қауіп төндіру— палуанның қарсыласын қорғанысқа көшуге мәжбүр ететін тактикалық әрекеттері.
Жалған әрекеттер— ақырына жеткізілмеген және қарсыласты тиісті қорғанысқа көшуге мәжбүр ететтін амалдар: ұстау, жұлқу, итеру және басқа да әрекеттер.
Алдау - ол да жалған әрекеттер.
Қайталап алдау- палуанның өзінің шын амалын қарсыласына жалған амал етіп көрсетуге бағытталған тактикалықәрекеттері.
Шақыру- палуаннның қарсыласын белсенді қимылдар жасауға мәжбүр ететін тактикалық әрекеттері.
Тұқырту — палуанның қарсыласының еркін қимылдауына мүмкіндік бермейтін тактикалық әрекеттері.
Тепе — теңдіктен шығару- палуанның өзінің шабуылға шығуына ыңғайлы, ал қарсыласын тепе — теңдігін сақтай алмай, қолайсыз күйге түсуге мәжбүр ететін тактикалық әрекеттері.
Шабуыл- тактикалық әрекет, оның мақсаты - басым түсу немесе жеңіске жету.
Қайталап шабуылдау- бірдей қимылдар қатар орындалатын тактикалық әрекеттер, ол қимылдардың тек соңғысы ғана шешуші, ал қалғандары жалған болып табылады.
Комбинация- белгілі бір нәтижеге жету үшін орынадалатын әрекеттерді тактиаклық жағынан ұшттастыру немесе олардың бірінен-бірі орындалуы.
Ұстау (әдіс) комбинациясы- қарсыласы ұстаудың (әдістің) бір түрінен қорғана жүріп, келесілерін орындауға қолайлы сәтін туғызатындай етіп ұстау түрлерін (әдістерді) ұштастыру.
Алдын алу— палуанның қарсыласының шабуылы мен бір мезгілде жүргізетін шабуылдау әрекеттері. БІрақ палуан қарсыласының алдын алу үшін оны шапшаңырақ орындайды.