Студенттерге арналған пән силлабусы Пән туралы ақпарат



бет3/15
Дата25.01.2022
өлшемі66,19 Kb.
#114351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
1578214828573 силлабус совер в борьбе казахским языком

Постреквизиттер: «Дене шынықтыру және спорт» мамандыгына қатысты пәндерді окыту барысында күрес мамандыгын меңгерген студенттерге келесі пэндер бойынша білім қажет: «Спорттык медицинадан», «Спорт гигиенасынан», «Спорт түрлерінің физиологиясынан», «Спорт ілімінен», «Спорт социологиясынан», Педагогикалык және Жаттыктырушылық практикадан.

Оқу барысында күрес саласындагы болашак маманга мынадай біліктіліктер мен дагдыларды меңгеру кажет:

9.Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.



Пән тақырыптарының атауы

апта

Сабақ түрі бойынша аудиторлық сағат саны

Сабақ түрі бойынша аудиторлық емес сағат саны

Бар

лығы (с.)



Дәріс (с.)

Пр/сем./

зертх-қ./

студ (с.)


БОӨЖ (с)

БӨЖ (с)




1

Күрес жетілдіру оқыту әдістемесі


1-2

2

3

4

4




2

2 Күрес техникасының жетілдіру тәсілдеріне үйрету әдістемесі.

1.қолдардың қозғалысы – ұстау, орап ұстау, қысу, итеру, жұлқу, тұю, тарту, тіреу, басу, т.с.с.

2. аяқтардың қозғалысы – қою, аттау, кейін қою, адымдап кету, бүгу, жазу йіліп шалу, қағу, үстіне салу, т.с.с.

3. дененің қозғалысы еңкею, тік көтеру, иілу, бұрылу, қысу, итеру, құлату, т.с.с.





2-5

5

3

4

4




3

Күрестегі ғылыми-зерттеу жүмысының негіздері. Күрестегі техникалық және тактикалық дайындық негіздері

4-5

1

3

4

4




4

Шабуылдағы және қорғайудағы жекелеген тактикалық әрекеттерге үйрету әдістемесі

7-8

1

3

4

4




5

Спорт нәтижелерін анықтау спецификасы. Жарыстарды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу технологиясы.

8-9

1

3

4

4




6

Күресшінің дене, функционалдық және дене қуатты дайындық негіздері


10-12

2

3

4

4




7

Күрестің түрлері.

12

1

3

4

4




8

Күресшінің жалпы және арнайы психологиялық дайындық. Күресшінің медико-биологиялық және психологиялық ерекшеліктері.

13

1

3

4

4




9

Күрестегі дайындықтың жас ерекшеліктері.

14

1

3

4

4




10

Жасөспірім күресшінің дайындық жүйесі.

15

1

3

4

4







Барлығы













75

150


  1. Глоссарий.

Жүйелеу - Тәсілдердің әртүрлі топтардың арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктерді тауып, оларды қиындық дәрежесіне, құрылымының күрделілігіне, тағы сол сияқты белгілеріне қарай бірінен бірін орналастыру (жүйе).Терминология - педагогикалық және спорттық жұмыс кезінде пайдаланылатын қазақша күреске тән атаулар.

Жүйелеу   классификациялау      негізінде      жүргізіледі.       Ол жаттықтырушының күрес техникасы, топтар мен амалдар арасындағы өзара байланыс жөніндегі жаттығушыларға түсінік беруіне көмектеседі. Бұл палуандарды дәйекті түрде және дұрыс оқытуға мүмкіндік береді.Күресті классификациялау негізіне қарсыласпен күрескен кезде қолданылатын және жарыс ережелерінде рұқсат етілген амалдар алынған.күрес техникасындағы кейбір түсініктерді анықтау.



Күрес техникасы дегеніміз палуанның жеңіске жетуі үшін қолданатын және әрекет ету ережелерінде рұқсат етілген амалдар жиынтығы.

Түрегеліп күресу техникасы - тұрып күрескенде қолданылатын амалдар.

Ұстасу - қолмен орындалатын әрекеттер, палуан шхабуылдау, қорғану немесе қарсы шабуылдау мақсатында қарсыласының киімінің бір жерінен ұстай алады.          Бір жақты ұстау - оң қолымен қарсыласының оң қолының (сол қолын сол қолынан) ұстау.Әр жақты ұстау — оң қолымен қарсыласының сол қолынан (сол қолымен оң қолынан) ұстау.Ырғақ - білектерін айқастыру әдісі, саусақтарына қармақтап ілмектеп, құлыптап, бір-бірімен ұстастырады.Шалу - аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде палуан балтырын, жіліншігін қарсыласының тізесінен төмен қойып, сырттан шалады.Ілу - аяқпен жасалатын қимыл. Бұл кезде палуан қарсыласының денесінің қандай да болмасын бір бөлігін ұстап, өзіне немесе бір жағына қарай тартады. Аяқты бүгіп тұрьш жіліншікпен немесе табанмен орындалады.Орау - аяқпен жасалатын қимыл. Палуан қарсыласын қимылдатпай ұстап, өзіне немесе бір жағына қарай тартып, онымен бір мезгілде жіліншілігімен және табанымен аяғынан іледі.

Қағу - аяқ қимылы. Палуан табан жағымен, табанның ішкі, сыртқы қырларымен қарсыласын аяқтан қағады.Көтере қағу — аяқ қимылы. Палуан санының артқы жағымен қарсыласын аяғынан немесе екі аяғынан бірдей артқа көтере қағады.Тізеден қағу - аяқ қимылы. Палуан қарсыласының аяқтарын кілемге тигізбей көтеріп алып, тізесімен қағады.Көтере итеру - аяқ қимылы. Палуан қарсыласын санымен немесе жіліншігімен өзінің алдынан жоғары көтере итереді.Адымын айқастыру - қарсыласының жанына немесе артына шығу мақсатымен палуан аяғын оның аяқтарының артына қояды.

Еңкею - денені тік тұрған күйінен горизонталь күйге қозғалту.Тікею - денені горизонталь күйден тік күйге келтіріп қозғалу.Шалқаю - денені артқа қарай шалқайтып доғаша иілу.Айналу - артқа қараи құлаған кездеп дененің қозғалысы: палуан шалқалап құлап бара жатқанда кеудесімен түсетіндей болып айналады.Жұлқу - палуан қарсыласын қатты тартып қалады ( жұлқиды ).Итеру - палуан қарсыласын өзінен ары қарай немесе қапталға қарай қатты итереді.

Әдіс - палуанның толық аяқталған әрекеті, қарсыласынан басым түсу немесе оны жеңу амалы.Қорғану     - қарсыласының     шабуылын     палуанның     тойтаруына мүмкіндік беретін әрекеттері.

Қарсы әдіс ( амал ) - қарсыласының әдісіне қолданылатын әдіс (амал)

Лақтыру - қарсыласын кілемнен көтеріп алып, жауырынымен немесе кеудесімен түсіруге мүмкіндік беретін әдістер.Жығу - түрегеліп тұрған қарсыласты көтеріп алмай — ақ кеудесімен немесе арқасымен түсіруге көмектесетін әдістер.

Арқадан асыра лақтыру - қарсыласқа арқасын бере айналып, содан соң еңкею немесе алға қарай қүлау арқьшы орындалады.Айнала берген кезде еңкейе қалу бұл әдістің негізгі әлементі болып табылады.

Шалқайып (төспен ) лақтыру - шалқаю арқылы орындалады. Бұл әдістің негізгі әлементі - денені артқа қарай доғаша иіп шалқайту.

Еңкейіп лақтыру — кеуденің және аяқтың күші арқылы қарсыласты көтеріп алып, содан соң еңкейіп, оны кілемге түсіру жолымен орындалады.

Ілу - түрегеліп тұрғанда орындалаты әдіс. Қарсыласының аяғын палуан бүгілген өз аяғымен іліп алып жығады немесе лақтырады.

Сүріндіру — лақтыру әдісі. Кедергі етіп қойған өзінің аяғынан қарсыласын өткізе сүріндіріп лақтырады.

Иықтан асырып лақтыру - палуан арқасын берік денесін айналдырып барып қарсыласын иығынан асырып лақтырады.Орау - түрегеліп тұрғанда орындалатын әдіс. Қарсыласының аяғын палуан өз аяғымен (жіліншілігімен және табанымен бір мезгілде) орап алып жығады немесе лақтырады. Тактикалық даярлық амалдары - палуан шабуылдау немесе қарсы шабуылдау жасау үшін қолайлы жағдай жасайтын әрекеттері.Барлау - палуаннның қарсыласы жөнінде мәліметтер алуына көмектесетін такктикалық әрекеттері.Бүркемелеу — палуанның қарсыласынан шын ойын жасыру үшін жасайтын тактикалық әрекеттері.Қауіп төндіру — палуанның қарсыласын қорғанысқа көшуге мәжбүр ететін тактикалық әрекеттері.

Жалған әрекеттер — ақырына жеткізілмеген және қарсыласты тиісті қорғанысқа көшуге мәжбүр ететтін амалдар: ұстау, жұлқу, итеру және басқа да әрекеттер .Алдау - ол да жалған әрекеттер.Қайталап алдау - палуанның өзінің шын амалын қарсыласына жалған амал етіп көрсетуге бағытталған тактикалықәрекеттері.Шақыру - палуаннның қарсыласын белсенді қимылдар жасауға мәжбүр ететін тактикалық әрекеттері.Тұқырту — палуанның қарсыласының еркін қимылдауына мүмкіндік бермейтін тактикалық әрекеттері.Тепе — теңдіктен шығару - палуанның өзінің шабуылға шығуына ыңғайлы, ал қарсыласын тепе — теңдігін сақтай алмай, қолайсыз күйге түсуге мәжбүр ететін тактикалық әрекеттері.Шабуыл - тактикалық әрекет, оның мақсаты - басым түсу немесе жеңіске жету.Қайталап шабуылдау - бірдей қимылдар қатар орындалатын тактикалық әрекеттер, ол қимылдардың тек соңғысы ғана шешуші, ал қалғандары жалған болып табылады.

Комбинация - белгілі бір нәтижеге жету үшін орынадалатын әрекеттерді тактиаклық жағынан ұшттастыру немесе олардың бірінен-бірі орындалуы.

Ұстау (әдіс) комбинациясы - қарсыласы ұстаудың (әдістің) бір түрінен қорғана жүріп, келесілерін орындауға қолайлы сәтін туғызатындай етіп ұстау түрлерін (әдістерді) ұштастыру.Алдын алу — палуанның қарсыласының шабуылы мен бір мезгілде жүргізетін шабуылдау әрекеттері. БІрақ палуан қарсыласының алдын алу үшін оны шапшаңырақ орындайды.

10.«Күрес жетілдіру » пәні бойынша дәріс кешендері





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет